Білікті ұстаз облыстық кезеңге жолдама алды
Жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан-ның жыл ұстазы» Республикалық байқауын өткізеді.
Оның бас жүлдегері 1000 АҚШ доллары мөлшеріндегі жүлде иеленеді.
Бұл байқау бірнеше кезеңнен тұрады, ең алғашқы кезеңі – аудандық, оның жеңімпазы облыстық кезеңге қатысады, ендігі мәре – республикалық.
30 сәуірде аудандық білім бөлімі «Жыл ұстазы» байқауының аудандық кезеңін өткізді, оған ауданның 9 ұстазы қатысты, солардың ішінде топ жарып шыққан, 1-орынға ие болған Троебратск орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнагүл Айтбаева болды. Мектеп пен оқушыларға 34 жыл саналы өмірін арнаған жоғары санатты ұстаз.
– Айнагүл Қатрановна – жаны таза, ұқыпты адам, – деп сипаттады бізге ұстазды аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ирина Савкина.
Эстетикалық талғамы жоғары, адамгершілігі биік. Үш баланың анасы, отбасында, ұжымында сыйлы жан. Ол сабырлы және салмақты, әрбір баланың адамгершілік құндылықтарын құрметтейді. Әріптестерімен тату, керек жағдайда көмек қолын созады, ешкімге жамандық ойламайды. Өз ана тілін жақсы көретін, өз ұлтының мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтай білетіндіктен, өзге ұлт оқушыларына мемлекеттік тілді үйретуде аянбай еңбек етіп келеді. Айнагүл Қатрановнаның сабақтары түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қызықты өтеді. Оқушылары – облыстық және республикалық қашықтық олимпиадаларда, түрлі сайыстардың жүлдегерлері. Әсіресе, аудандық «Абай оқулары», «Жарқын болашақ» конкурстарында Айнагүл Қатрановнаның шәкірттері жүлдесіз қайтпайды. Сонымен қатар ұстазымыз 2017 жылы «Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу жұмысына қатысып, Астана, Петропавл қалаларында өткен Республикалық конференцияларда оқулықтарды сараптау туралы баяндамалар жасады. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясынан «Алғыс хатқа» ие болды. Сонымен қатар аудан әкімі атынан «Жоғары кәсібилігі, зерделігі, шығармашыл ізденімпаздылығы және тілдердің дамуына үлес қосқаны үшін» мадақтама берілді. Ұстаздың шығармашылық жұмысқа өте әуес екенін «Қазақ тілін оқытуда тиімді әдіс тәсілдерді қолдану оқу әдістемелік кешен» атты авторлық бағдарламасынан көруге болады. Осы мектепке жас маман ретінде алғаш рет жұмысқа келгенімде, барынша қол ұшын беріп, талай қиындықтардан өтуге көмектесті. Осы мінезіне қарай шығар, Айнагүл Қатрановна педагогикалық іс-тәжірибесінің арқасында педагогикалық ұжым,шәкірттері және ата-аналар арасында құрметке бөленіп жүр. Біз ұлағатты ұстазға шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасына амандық, әрдайым оқушылары жетістіктерге жетіп, биік шыңдардан көріне берсін деген тілек тілейміз және үлкен жеңісімен құттықтаймыз. Ұстазымыздың облыстық кезеңіне дайындығы сәтті болсын!
Аудандық білім беру бөлімі
25 машин получили 9 учреждений лесного хозяйства области. (далее…)
Его организовал Союз журналистов Костанайской области. (далее…)
Этому рады рыболовы Узункольского района: им есть где насладиться не только красотой и покоем водных…
В последние годы государство уделяет большое значение сохранению лесного фонда области, учитывая те проблемы и…
Цель масштабной республиканской экологической инициативы «Таза Казахстан», предложенной Президентом РК Касым-Жомартом Токаевым, — очистить страну…
В 60-е годы прошлого столетия целенаправленно решалась проблема нехватки школ на селе. Массовая застройка совхозов…
This website uses cookies.