Жалғыз күнәсі – қырым татар болғаны

Репрессияға жеке адам ғана емес, түгел ұлттар да ілікті

30-жылға жуық уақыт тәуелсіз Қазақстан елінде тұрып жатып, отандастарымыздың біреулері Кеңестік дәуірде «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» болып еді, деп көксеп, ал енді біреулері 70 жыл Кеңес өкіметінің бодандығында болдық деп, сол заманды жоққа шығарып жатады.

Дегенмен, сол 70 жыл – ол халқымыздың бастарынан кешкен тарихы.

Тарихтың қуанышқа толы парақтары бар болса, қайғы-қасірет артқан парақтар да баршылық.

Тәуелсіз Республикамыз құрылған бойы, 1997 жылы 31 мамыр – саяси репрессияларға іліккен адамдарды еске алу күні болып жарияланып, қаншама қуғын-сүргінге іліккен азаматтардың есімдеріелге оралып, отбасылары маңдайларына таңбадай басылған лақаптан арылуға мүмкіндікалды.

«Халық жауы» деген айыптағылып, 1937 жылдан бастап, Иосиф Виссарионович Сталин 1953 жылы қайтыс болғанына дейін, кейін Коммунисті кпартияның ХХ съезі жеке тұлғаға табынушылық деп оны әшкерелеген шағына дейін мыңдаған адамдар, солардың ішінде тіпті «сатқындар» деп айыпталған тұтас ұлттарға дейін жазықсыз зардап шегуге мәжбүр болды.

Сол кездегі партияның бас хатшысы Никита Сергеевич Хрущев бастаған әрекеттің «жылымық» деп аталу себептері де осыда.

1 сағат ішінде азғантай киімдері мен азық-түліктерін қолдарына ұстап, темір жолда тұрған эшелондарына қамалып, адам тұншығатындай тар вагондар ішінде шырылдаған бала-шаға, қарт-қария, әйелзаты – оралмасқа қуылғандай белгісіз бағытта кетіп жатты.

Осындай отбасы трагедиясын Умерова Асия Умеровна да басынан кешті. Ол кісінің о-дүниелік адам болғанына біраз жылдар өтсе де, артында қалған балалары, немере-шөберелерінің  аналарының көзіне жас алып айтып отыратын әңгімелері әлі естерінде.

Біз баласынан анасының бастан кешкен оқиғасы жайлы айтып беруді өтіндік.

– Біздің анамыз Асия Умеровна Умерова 1928 жылы Ялта қаласында дүниеге келген. Ұлты қырым татары еді. Ұлы Отан соғысы басталғанда, 14 жасқа қараған шағы еді. Үлкен ағалары майданға кетіп, қайта оралмады. Аналары әкесімен екеуі ғана қалды,-деп бастады әңгімесін ол.

1943-1944 жылдары Қырымда немістер көп әскери күштерін жинап алып, бұл жерді басып алу әрекетін жүргізіп жатты. Қырымның әр қадамы, сонау Севастопольге дейінгі аумағы адам қанына қанық болды.

– Анам үнемі соғыс туралы сұраса, айтып отыратын: немістер соншалықты мұнда өз қатыгездіктерін танытты, тірі адамдарды құдықтарға лақтырып, соның ішінде тірілерін атып өлтіретін. Соны әдейі жұрт құдықтардан су іше алмасын деген ниетпен жасайтын. Бұлақ көздерінен, құдықтардан қанға толы су ағып жататын. Кейін бұлақтар да адам қанына толып кеуіп қалатын.

1944 жылы НКВД өкілдері анамызды әкесімен бірге қала жұртымен қоса 1 сағатта жиналып, қала ішінен қуып, вагондарға артып, поезбен бір жақтарға әкетті. Вагондар адамдарға сірескен, ішінде сүзекпен (тиф) ауырғандар көп болды. Келе жатқан составты неміс ұшақтары атқылап жақты, азғантай адам қашып үлгерді, көбі вагондар ішінде тірідей жанып кетті. 16 жасында, ми далада, әкесінен айырып, Асия жалғыз қалды. Сарғайған сары дала Өзбекстан болып шықты. Жаяулап жол бойындағы адамдарға ілесіп, серік етіп, әйтеуір Ташкентке, Хлебный қаласына жетті.  Осында мата тоқитын зауыт қарамағындағы ФЗУ (фабрика-зауыт училищесі) бітіріп, мата тоқитын тоқымашы болып еңбектене бастады. Осы жерде ол Хамит деген жігітпен танысып, отау құрды. 1951 жылы Ташкентте тұрып жатқан кезде тұңғыш қыздары дүниеге келді, – деп ортаға салды ана қасіретін ұлы Айтбек Хамитұлы.

– 1954 жыл келді. Қазақстанда Тың игеру науқаны өріс алды. Жас отау туған елге оралуға бел буып, Амангелді ауылына қоныс аударды. Құтты мекенде олар бес баланың абзал ата-аналары атанды. Әкелері болса, Қаратерек ауылында МТС-да слесарь болып жұмыс істеді, өмірінің 30 жылын автокөлік жүргізушісі болып еңбектенді. Аналары болса, кеңшардың клубында контролер қызметін атқарды.

– Кейін, 50-ші жылдары, анамыз туыстарын іздестіре бастады. Екі ата, үш атадан қосылатын аға-інілерін тапқанына қатты қуанды, олармен үнемі хат алмасып тұрды. Бертін келе анамыз апа-қарындасыммен бірге Ташкент қаласына барып қонақтап, жас кезін еске түсіріп, жұмыс орнын, тұрған үйлерін қыздарына көрсетіп, бір арманын орындады, – деп жалғастырды әңгімесін үй иесі.

Қабырғада қолдан тоқылған кілем көріп, ондағы «1980 жылы тоқылған» деген жазуы көзімізге түсті. Оны аңғарған ол:

– Анамыздың қолы өте шебер болды – қолдан кілем тоқыды, үй жабдығын, көрпе-жастығы, киім-кешектерді өзі түрлендіріп тігіп отырды. Әке-шешем, жұрттың ала жібін аттаған адамдар емес, үнемі адалдықпен өмір сүрді. Соның өзінде 1959 жылға дейін шешем аудандық ішкі істер бөліміне барып, үзбей тіркеліп отырды. Соның өзі адамның намысына қатты тиетін әрекет болды, – деді.

– Жылдар өтіп барады, бәріміз өсіп-өндік, Құдайға шүкір, балаларымыз, немере-шөберелеріміз де жетіліп келеді. Бірақ анамыздың жазықтан-жазықсыз қиналғаны біз үшін қанша уақыт арада салса да ауыр тиеді.

Анамыздың жалғыз күнәсі – қырым татары болғаны, сол үшін осынша зардап шекті, дәл солай Қазақстанға басқа ұлт өкілдері жазықсыз күштеп көшіріліп әкелінді. Солардың ішінде немістер, поляктар, қалмақтар, карачаевшылар, түрік-месхетиндер, балкарлар, шешендер, гректер, курдтар, тағы басқалары бар,-дейді саяси-қуғын сүргінге ұшыраған Асия Умеровнаның ұрпақтары.

КСРО мемлекеттік қауіпсіздігінің халық комиссариатының ІІІ басқармасы мәліметінше,  1946 жылдың қазанында спецпоселениеде 2463940 адам болды, олардың 655674 ерлер, 829084 – әйелдер, ал 979182 – 16 жасқа дейінгі балалар. Бәрінен де көп Қазақстанда тұрды – 890698 адам. Бірақта ешқандай саяси қуғын, халықтарды бір-бірімен араздату саясаты жүрмеді.

Бүгінгі Қазақстан 140-тан астам этностар ынтымақтастық пен бірлікте тұрып жатқан біртұтас қазақстандық халық. Оның айқын дәлелі – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы. Сондықтан ешкім оны өзгерте алмайды.

Асия Умеровна тәрізді қуғын-сүргінді бастарынан кешкен азаматтарды 31 мамыр күні ғана емес, үнемі жадымызда сақтайтын боламыз. Оны мен жастардың атынан жауапкершілікпен уәде етемін.

Дархан АМРИН
(материал Г.Ж. Утегенова және Хамитовтар отбасы мұрағатынан алынған)

Редактор

Recent Posts

Сегодня в Узункольском суде состоялось оглашение приговора по делу пенной вечеринки.

После длительного рассмотрения дела и выслушивания показаний всех свидетелей, суд пришел к выводу о виновности…

3 дня ago

Жители села Новопокровка Узункольского района рады долгожданному подарку в виде нового фапа

Говорят, нужно мечтать, тогда всё сбудется. В этом теперь уверен медперсонал фельдшерско - акушерского пункта…

4 дня ago

“Дода” жобасы Ұзынкөл ауданында

Жоба өз бастауын “Жайдарман” атты көңілді тапқырлар клубынан алады, мектеп жасынғы білім алушыларды КТК қозғалысына…

3 недели ago

Узункольский суд закончил допрос свидетелей по делу о пенной вечеринке

В этот раз в суде были допрошены два свидетеля: Эльдар Аксаитов и Сергей Маханько из…

4 недели ago

Узункольский район: первый этап паводка выдержан

Так прокомментировал паводковую ситуацию и.о. руководителя отдела по гражданской обороне и чрезвычайным ситуациям аппарата акима…

1 месяц ago

This website uses cookies.