«Обаған ауылы» шаруашылығына 20 жыл

Қостанай мен Атырауды, Обаған мен Дубайды байланыстырған той


Адам – ең әуелі адамгершілігімен парасатының биіктігімен қадірлі.

Мәдениет жоғары адам айналысындағыларымен қарапайым қарым-қатынаста болады. Сол алтын адамдардың бірі біздің Болат Қарабаев ағамыз! Ол жаратушы иеміз Алла тағала берген ақыл – парасатымен, өзінің азаматтық қасиеттерімен ел құрметіне шексіз бөленіп жүр. Үлкенге – ізет, кішіге – қамқор бола білген Ұзынкөл ауданының құрметті азаматы, меценат «Обаған ауылы» шаруа қожалығының басшысы Болат Жұмашұлы Қарабаев, «Керей» руының алқа мүшесі.

Асыл бесік, алтын діңгек «Обаған ауылы» шаруа қожалығының іргесі қаланғанына 20 жыл толуына арналған мерейлі мерейтойы өткен сенбі күні Қостанай қаласы «Тобыл» мейрамханасында атап өтілді. Мерейлі тойға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Жүнісова мен эстрада жұлдызы Тоқтар Сериковпен Бейбіт Сейдуалиевалар келді. Сонымен қатар, тойға алыс-жақыннан арнайы шақырылған құрметті қонақтар, ағалары Қадіржан мен Фазылжан Қарабаевтар, бір кездері ауданның дамуына үлкен үлес қосқан басшылар, аудан әкімі Талғатбек Даиров, «Елсан» ЖШС-нің директоры Тұрсынбай Бағытбайұлы, Атыраудан келген құдалармен күйеу балалары, және Обаған «Райский сад» тұрғындары келді. Жалпы дүбірлі тойға келген халық «Обаған ауылы» шаруа қожалығының басшысы Болат Жұмаш-ұлын құттықтап, игі лебіздер мен ақ тілектің тиегін ағытты. Бұл көптен күткен ұлан-асыр ауыл тойы еді.

Көптен күткен 20 жылдық тойда «Обаған ауылы» ШҚ-ның басшысы Болат Қарабаевтың ағасы Қадіржан Жұмашұлы сөз сөйлеп, бұл шаруа-шылықтың сонау 1996 жылы қалай құрылғаны туралы көпшілікке айтып берді. Ердің атын еңбек шығарады. Әр азамат ерен еңбегінің арқасында ғана абыройлы болып, биік белестерді бағындырады. Ал күндіз күміс, түнде алтын болып ағатын қазыналы Обаған өңірінен елі үшін қызмет еткен Болат ағамызмыздың осы күнге жетуі Қадіржан Жұмашұлының ағалық қолдауының арқасында.

1996 жылдары енді ғана үлкен кәсіпке жол бастаған Болат Жұмашұлына өмірлік емтихан десе де болар. Сол жылдары ағасы ҚадіржанЖұмашұлы берген бес сиырды сойып, алғашқы техникасы ПАЗ автобусын сатып алып, адамдарды қаладан ауылға тасумен басталды. Бірақ, бойындағы бар қажыр-қайратын, білімі мен білігін сарқа жұмсай отырып, 2000 жылы «Обаған ауылы» шаруа қожалығының негізін қалады. Алғашында «Обаған ауылы» ШҚ-ғы 200 гектарға дәнді дақылдар егетін. Жиырма жылдың ішінде бұл шаруашылық талай қиың қыстаудан өтіп, қазіргі кезде 4 мыңнан астам гектарға дән себеді. Бірақ, әрбір жылда егілген дақылдың өзінің бір ауыртпаушылығы болатын.

Тойдың келесі кезегі аудан әкімі Талғатбек Даиров тоға жиналған «Обаған ауылы» қожалығының еңбек ардагерлерін және 20 жылдан астам еңбек етіп жатқан майталман еңбеккерлерді құттықтап, Болат Жұмашұлының қолына грамота ұстатты.

– Той барлығымызға құтты болсын! Шуақты, жемісті күндеріміз көбейіп, ырыс-несібеміз артып, ауылдың абыройын асыратын азаматтар көбейе берсін. Елдің ынтымағы арта берсін. Шаруашылықтың мерейтойында бүгінге дейін көптеген жұмыс атқарылды. Мектеп жөнделіп, ауылға су тартылып демалыс орындары іске қосылуда. Мұның барлығы халықтың игілігі үшін, – деді аудан әкімі.

Содан кейін, «Елсан» ЖШС-нің директоры Тұрсынбай Бағытбайұлы жылы лебізін білдірді.

– Болат Жұмашұлының өзіндік ұстанымы басқа шаруашылықтан ерекше. Болаттың арқасында Обаған ауылы көркейіп, Қостанай облысына танымал болды. Бұл ауылға келген жас мамандарға бес қой, бір жылқы, бір сиыр береді. Әрине әркімнің қолынан келе беретін іс емес. Ал бұл кісінің қызметкерлері Дубай мен Түркияда демалады. Осындай мерейлі тойлар Обағанда көп болсын, – деп өз сөзін аяқтады.

Тойдың соңғы бөлімінде Болат Жұмашұлы микрофонды қолға алып, алыстан жиналған тойшыл қауымның ортасына, өзінің қызметкерлерін шақырып алғысын білдірді. Сонымен қатар, «Обаған ауылы» шаруа қожалығында 20 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан үздік механизаторлар және осы шаруашылықта еңбек етіп зейнетке шыққан еңбек ардагерлерін «Обаған ауылы» шаруа қожалығының құрметті азаматы атағы беріліп, сый-сияпат, грамоталармен марапатталды.

– Болат деген сендер! Бүгінгі той сендердің тойларыңыз, 20 жыл бойы қасымда жүрген сіздердің арқаларыңызда, мен осындай дәрежеге жеттім деді,- Болат Жұмашұлы.

Ол сөзін жалғастыра келе обағандық механизаторлар Қостанай облысының түкпір-түкпірінде қызмет жасап, өз ісінің майталманы кәсіпқой қызметкерлер, сондай-ақ, «Обаған ауылы» қожалығында ағайынды Наурызбаевтар, Ақтас Жакенов, Бегайдар, Асылхан Жакешовтер ең үздік механизаторлар қатарында. Сонымен қоса бұл шаруашылықтың жүрегі болған Жомарт аға.

Тойдың сәнін келтірген Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Жүнісова мен эстрада жұлдызы Тоқтар Сериковпен Бейбіт Сейдуалиевалар халық әнін айтып, келген қонақтармен естелік суретке түсіп, көңілді күймен қайтты.

Султанбек КОЖАНОВ

Редактор

Recent Posts

Представители ОФ “Жанашыр бол” провели выездную консультацию юриста и встречу с психологом для подучетных

В Узункольском районе прошла встреча с лицами, находящимися на учете в службе пробации, где юрист…

2 дня ago

Ученик 10 класса из Узункольского района занял почетное место в республиканском конкурсе

Узункульский район, Новопрокровская общеобразовательная школа - знакомьтесь: ученик 10 класса этой школы  Дамир Шуентаев. (далее…)

2 недели ago

Полине Леонтьевне Садовой из села Троебратское Узункольского района 96 лет

Старожила села Троебратское Узункольского района Полину Леонтьевну Садовую мы застали в маленьком домике за укладкой…

2 недели ago

Пчеловоды и животноводы Узункольского района  участвовали в столичной ярмарке

И не безрезультатно: меды и мясо на центральном рынке Астаны были на расхват. (далее…)

2 недели ago

Как живешь Троебратское ? На жизнь сельчан посмотрели корреспонденты КМ

Село Троебратское, Узункольского района, некогда большое с разветвлённой инфраструктурой, после закрытия предприятий и организаций и,…

2 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

This website uses cookies.