«JAS TALANT» конкурсы өнерпаз ұзынкөлдік қыздарымызға үлкен сахнаға жол ашты

Шығармашылық өнер дана халқымызға ата-бабамыздан мұраға болып келе жатқан қасиет.

Жамбыл атамыз тәріздес суырып-саламалық ақындық өнер, Шара апамыз сияқты бишілік өнерпаздық, Күләш Байсеитова мен Әмре Қашаубаевтардай «Күміс көмекей» әншілік – ертеден бізге дарыған рухани құндылықтарымыздың бірі. Аяқ астынан төрт жол өлең жазып, ән айтып тамсандырмайтын қазақ – қазақ емес екені ақиқат шындық. Міне, осыған жуырда барлық ұзынкөлдіктердің әлеуметтік желі арқылы көздері жетті.

14 желтоқсанда Тобыл қаласында «RE_SOL_STAR» шығармашылық орталығымен ұйымдастырылған VII Республикалық «JAST TALANT» атты музыкалық байқауы болып өтті. Бұл үлкен шығармашылық іс-шараның вокалдық номинациясында бас жүлдегерлері болып Кәмшат Дөненбаева жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы Айша Ерсаин мен № 1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебінің 3 оқушысы Әмина Хамитбек атанып, Грузия жеріне Халықаралық музыкалық фестиваліне қатысуға жолдама алды.

– Бұл байқауға хабарлама түскен бойы біз шамамен екі аптадай уақыт дайындалдық. Айша «Ана» туралы  әнді орындады, – түсіндірді бізге Айшаның музыкалық жетекшісі Айым Серікова,-Бірнеше жастық санаттарға бөлінді қатысушылар. Әмина кіші топқа кіріп, I орын иеленді, Айша болса, ортаңғы топта, он үш қатысушы арасынан топ жарып, Гран-при иеленді. Дайындық барысында әнді ғана емес, сахнада өздерін ұстау мәдениеті, костюмдері де дайындалды. Байқауға қатысу барысында ата-аналары тарапынан үлкен көмек көрсетілді: жол шығындары, тамақтары, костюмдерін дайындау солардың мойынына жатты. Ата-аналар өздері жас әншілерді байқау өтетін жерге апарып, алып  келді. Осындай қолдаулары үшін алғысымыз шексіз. Қыздарымыз да еңбегімізді өтеп, жүлдемен оралды.

– Әрине, қыздарымыз осы байқаумен шектелмейді, – айтты бізге Әминаның баптаушы ұстазы Махаббат Битаева. – Енді біз 2026 жылы Грузияда өтетін Халықаралық фестиваліне дайындығымызды бастаймыз. Себебі халықаралық сахна үлкен еңбек пен талапты қажет етеді.

Әлі жастары шамалы болса да, өздерінің дарындылығын көрсете алған қыздарымызға болашақта сәттілік тілейміз!

Бақытжамал ДАРКЕНОВА

Редактор

Recent Posts

Уроженец Пресногорьковки стал одним из лидеров казахстанских лыжных гонок и выступит на зимних Олимпийских играх в Италии

Виталий Пухкало — наш земляк и один из ведущих лыжников Республики Казахстан, мастер спорта международного…

2 недели ago

Узунколе дан старт ежегодной спартакиады среди коллективов организаций и госучреждений села

В программу спартакиады включены семь дисциплин: мини-футбол, волейбол, баскетбол 3х3 (стритбол), настольный теннис, лыжные гонки,…

2 недели ago

С третьей попытки тактика прессинга и активной защиты принесла «золото» юным узункольцам

В Лисаковске в начале января прошел чемпионат Костанайской области по баскетболу среди юношей 2012 года…

2 недели ago

Массовые катания на коньках, хоккей, шорт-трек: начинается новая глава для узункольцев

Спортивный объект стал не просто местом для зимних развлечений, а настоящим центром притяжения для жителей…

2 недели ago

Узункольские школьники насыщенно и с пользой провели зимние каникулы

Они посетили столицу республики Астану, проводили своё свободное время на льду нового, недавно открытого хоккейного…

2 недели ago

Для учащихся Узункольской ООШ №1 в Узункольском районе год начался с серьёзной победы на республиканском этапе

В самый канун Нового года пришло сообщение, что учащиеся школы, участвуя в Национальном конкурсе «Лучшая…

3 недели ago

This website uses cookies.