Биылғы қыстың ең аязды күндері жуырда өткен екі-үш күн бұрын ғана болды.
– Термометрде – 35, – 36 градустың температураны көргенде, біраз күн дайындалған облыстық шахмат турнирін өткізе алмай қаламыз ба деп қорықтық, – бөлісті аудандық спорт бөлімінің басшысы Серік Мусин мырза. – Қаладан, басқа аудандардан алдын ала шақырылып қойған қонақтарымыз келе алмай қалады-ац, деп қобалжыдық.
Басынан бастайық. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімі ұсынысымен Ұзынкөл өңірінің ардақты жерлесі, Кеңес Одағының Еңбек Ері, бүкіл елге танымал болған механизатор Кәмшат Дөненбаеваға арналған облыстық шахмат турнирі ұйымдастырылды. Жарыстың бас төрешісі болған Қостанай облысы бойынша РҚБ «Қазақстандық шахмат федерациясы» филиалының бас менеджері Асқар Мусаинов құттықтау сөзінде айтқандай, Кәмшат Дөненбаева атындағы облыстық шахмат турниры осы жылдан бастап жылда өткізілетін болады.
Облыстық жарыс Ұзынкөл селосы Кәмшат апамыздың туып-өскен жері болуына байланысты аудан орталығында орналасқан ардагердің есімін иеленген Кәмшат Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мектебі негізінде өткізуінің себебі де осында.
Әрине, өкінішке орай, біраз жарысқа қатысамыз деген спортшылар ауа райына байланысты келе адмады, дегенмен де, отыздан астам үлкенді-кішілі спортшылар қатысты.
Жарыста ыстық, нағыз спорттық атмосфера қалыптасты. Спортшылар оңайлықпен бір біріне жеңісті беруге бармай, кескілескен күрестер ұйымдастырылды. 3 сағат уақыт қас-қағымдай өтіп кеткенін ешкім аңғармай қалды. Дегенмен де, жарыстың аты жарыс, жеңімпаздар да, жеңілгендер де болды. Жарыс қорытындысы бойынша абсолюттық санатында 1 орын Беркут Нурмагамбетовқа, 2 орын Алмат Момбаевқа, 3 орын Адильжан Зайкеновтарға тиесілі болды. Ардагер спортшы ретінде Ұзынкөл ауданында шахмат ойынын дамытуға зор үлес қосқан Виктор Дербилов марапатталды. Әйелдер арасында топ жарып шыққан Кәмшат Дөненбаева атындағы ЖББМ мұғалімі Анна Мишура болды. 2010 жыдғы және одан жас спортшылар арасында 1 орынды Алиби Аубакиров пен Аружан Қанат қанжығасына байлады.
Бақытжамал ДАРКЕНОВА
Август - месяц не осенний, но норов свой показывает то проливным дождём, то утренними туманами…
С раннего утра на избирательном участке № 770, расположенном в Доме культуры села Узунколь, многолюдно.…
Этот населённый пункт был и крепостью, и крайней границей царской империи, и станицей, и районным…
В Карьерном центре Узункольского района состоялась содержательная и по-настоящему полезная встреча с гражданами, состоящими на…
Ұзынкөл ауданында бірегей мәдени-профилактикалық іс-шара – «Заң және тәртіп: жауапкершілік аумағы» атты миға шабуыл әрекетінен…
Для улучшения качества связи в сельских населённых пунктах района проведены работы по возведению 24…
This website uses cookies.