Ұзынкөлдік полицейлерге арналған салтанатты іс-шара өтті
Көп қызметтер арасында полиция қызметінің орны ерекше
Өйткені полиция қызметкерлері біздің тыныштығымыз бен өмір қауіпсізідігін сақталуын қамтамасыз ететін азаматтар.
Ішкі істер органдары – мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдарының бірі. Сақшылардың кәсіби қызметі зор жауапкершілігімен, тәуекелге бел бууымен ерекше құнды. Қазақстан дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап оның тыныштығын қорғауға берік ден қойылып келеді. Осынау қырағы мамандықты таңдаған жастар да елінің алдындағы борышын сезінетіні сөзсіз.
23 маусым – Полиция қызметкерлерінің күні. Салтанатты іс-шара Полиция бөлімі ғимаратының алдында ескерткіш маңында ұйымдастырылды.
Іс-шара полиция қызметі жолында ерлік пен батылдық танытып қаза болған қызметкерлерді еске алуға арналған бір минуттық үнсіздікпен бастау алды. Содан соң обелискіге гүл шоқтары қойылды. Полиция қызметкерлеріне құттықтау сөздерін Ұзынкөл ауданының прокуроры Мейрам Кузбаев, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің басшысы, ішкі істер органдарының ардагері Владимир Янин арнады. Ардагерлер ұйымы атынан ол барлық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерін құттықтай отырып, ерекше құттықтау сөздерін Николай Овчаренкоға арнады, себебі ол осы мереке күні еңбегінің жемісін көріп, зейнеткерлікке жетіп демалысқа кетіп жатты.
Қонақтардан соң полиция қызметкерлерін полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Мақсұт Кушербайұлы Ералиевке берілді.
– Осындай мереке күні әр полиция қызметкері қызметіміздің қоғам үшін маңыздылығын ерекше сезінеді, – деді ол құттықтау сөзінде. – Заң мен әділеттікті сақтаудың адал жолында тұрған әріптестеріме еңбектерінде қажымас қайрат, батылдық пен адамгершілікті үнемі танытуларыңызға тілектеспін!
Осы мерекелік күні Рауан Алтынсарин полиция лейтенанты, Рустем Кубеков – полицияның кіші сержанты арнайы атақтарын иеленді.
ҚР Ішкі Істер министрлігінің 2021 жылғы 31 мамырында шығарылған № 55 Бұйрығының үзіндісіне сәйкес «Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері» медалімен және ақшалай сыйлықпен Владимир Янин марапатталды.
Содан соң полиция қызметкерлерін марапаттау рәсімі жүргізілді.
ҚР Ішкі Істер министрлігінің 2021 жылғы 30 сәуірі шығарылған № 216 Бұйрығының үзіндісіне сәйкес Исламғали Тулепов «І дәрежелі үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Қостанай облысының Ішкі Істер департаментінің 2021 жылғы 17 маусымы шығарылған № 370 Бұйрығының үзіндісіне сәйкес және Полиция күні құрметіне Жол полициясы басқармасы бастығы Грамотасымен полиция аға лейтенанты Самат Абилов марапатталды.
Алғыс хатпен полиция лейтенанты Замира Итикеева марапатталды.
Полиция күні құрметіне және ҚР адал қызмет атқарғандары үшін Ұзынкөл ауданының полиция бөлімінің басшысы Грамотасымен полиция капитаны Арман Райымбеков, полиция капитаны Оксана Ибраева, полиция аға лейтенанты Жанар Мускина марапатталды.
23 жыл бойы Ұзынкөл аудандық полиция бөлімінде еңбектенген, енді, міне, зейнеткерлікке шығып жатқан әріптес Николай Овчаренкоға бөлім басшысы Мақсұт Ералиев құрмет медальін тағып қаржылай сертификат табыстады.
Өз қызметтік міндетін атқаруға адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, халық арасында сақтық жұмысын жүргізетін, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын білікті мамандарыңыздың қатары көбейе берсін.
Еліміздің қорғандары – полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілеймін. Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында табысты қызмет ете берулеріңізге тілектеспіз.
Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай!
Бақытжамал ДАРКЕНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31