Ұзынкөлдік мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

1998 жылдың 20 қаңтарында шыққан ҚР Президентінің Жарлығымен 23 маусым күні Мемлекеттік қызметшілер күні ретінде бекітілді

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың маңызды тетігі екені баршаға мәлім. Билікке деген халықтың сенімі мемлекеттік қызметшілердің жасайтын іс-әрекеттерімен тығыз байланысты.

Өз ісіне деген үлкен жауапкершілік, жоғары кәсіби құзыреттілік, ашықтық, адалдық пен әділеттік – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби айқындаушы қырларына жатады. Ұзынкөл ауданының мемлекеттік қызметшілеріне де осылардың бәрі тән, себебі олардың иықтарында ауданымыздың өркендеуі мен әрі қарай екпінді дамуы, тұрғындардың әлеуметтік жағдайлары артуынның басты кепілі болып табылады.

23 маусым күні аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілерді марапаттау үшін аудан әкімі Мұрат Сандыбаевтың қатысуымен салтанатты іс-шара өткізілді.

– Табысты мемлекет тек қана тиімді және кәсіби құзырлы мемлекеттік қызмет негізінде қалыптаса алатынын Тәуелсіз Қазақстанның тарихы толығымен дәлелдейді, – деді құттықтау сөзінде Мұрат Миртайұлы. – Бүгінгі таңның өзінде Тәуелсіз елдің 30 жылында мемлекеттік қызметтің жетістіктерін мақтаныш ете аламыз. Ал алдымызда одан да асқан мақсаттар қойылып отыр. Заман талабына сай бүгінгі мемлекеттік қызмет әр жеке тұлғаның сұранысын ескеруге, әр азаматтың өмірін жақсартуға бағытталған. Мемлекеттік қызмет – ол ең бастысы – адамдар. Сондықтан мемлекеттік қызметтің тиімді болуы қызметшілердің қолында. Сол себепті халық мемлекеттік қызметшілерден кәсіби құзыреттілікті, адамгершілік қасиеттердің жоғары болуын, патриотизмді, заңға бағыныштылықтың болуын күтеді.

Содан соң аудан басшысы марапаттау рәсіміне кірісті.

Мемлекеттік қызмет жүйесінде жасаған адал еңбегі үшін және Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесінің құрметіне орай Қостанай облысының әкімі Грамотасымен Алтын Байкенова – Сатай ауылдық округінің әкім аппаратының бас маманы, Гүлнұр Баймухамбетова – Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, Аклима Алкебаева – Ұзынкөл ауылдық округінің әкім аппаратының бас маманы, Самал Корлеутова – Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты кадрлік қызметінің бас маманы марапатталды.

Қызметтік міндеттерін үздік орындағаны және қызметінде жоғары нәтижелер көрсеткені үшін Азамат Беккалиев – Ұзынкөл аудандық мәслихатының ұйымдастырушы бөлімінің басшысы Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері бойынша ҚР Агенттігінің департаменті басшысының Грамотасымен марапатталды.

ҚР мемлекеттік қызметінің дамуына ықпалды үлес қосқаны үшін Ұзынкөл ауданының әкімі Грамотасымен Светлана Ткаченко – Ұзынкөл аудандық сот кеңсесінің басшысы, Елена Назаренко – Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімінің бас маманы, Мадина Талапова – Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімінің бас маманы, Асем Итемгенова – Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, Айдархан Тленов – Ұзынкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы, Ольга Мелюк – Бауман ауылдық округінің әкім аппаратының бас маманы, Тойжан Бекпаева – Ұзынкөл ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы марапатталды.

Мемлекеттік қызметкерлерінің адал еңбегінің нәтижесінде ауданымыз үлкен нәтижеге жетеді деп сенімдіміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Бақытжамал ДАРКЕНОВА

Редактор

Recent Posts

Земледельцы Узункольского района приступили к жатве

Учитывая, что время требует от них чёткого скорректированного плана уборочных работ, так как для раскачки…

22 часа ago

Оператор связи из Узунколя Людмила Лукьянова не может жить без цветов

В душе каждого человека есть свой мир, в котором ему не только комфортно находиться, но…

3 дня ago

Сегодня православные христиане всего мира отмечают большой праздник – Успение Пресвятой Богородицы

Отметили его и прихожане Свято-Никольского храма села Пресногорьковка, Узункольского района, некогда старой казачьей станицы, где…

4 дня ago

30 августа в Костанайской области открывается осенний сезон охоты на водоплавающую птицу: гусей, уток лысух

Этого дня настоящие любители охоты ждут с нетерпением, потому что водоплавающей птицы на озёрах Узунколя…

4 дня ago

Шанс на новую жизнь: в Узункольском районе прошла встреча с подучетными лицами службы пробации

В рамках проекта по реабилитации и социальной адаптации освободившихся из мест лишения свободы, а также…

6 дней ago

Актуальные вопросы: депутаты Костанайского облмаслихата и Сената посетили Узункольский район

Пообщаться с населением и районными избранниками народа отправились депутаты Сената Парламента Республики Казахстан Бибигуль Аккужина…

2 недели ago

This website uses cookies.