Өткен аптада Тобыл қаласында 2007-2009 ж.т. жасөспірімдер және қызбалалар, 2009- 2010 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Қостанай облысының чемпионаты болып өтті
Бұл чемпионатқа облысымыздың әр түкпірінен 160 спортшы келіп қатысты.
– Чемпионатқа Қостанай, Рудный, Арқалық, Лисаковск қалаларынан, Торғай, Аманкелді, Қостанай, Федоров, Меңдіқара, Ұзынкөл, Сарыкөл аудандарынан спортшылары жиналды, деді – бізге ұзынкөлдік бапкер Медет Тоқабай.
– Ұзынкөл ауданының алты мектебінен 12 жас күресші қатысты. Ауданымызда қазақ күресі спорт түрі соңғы жылдарда жаңа екпін алып жақсы дамып келуде. Басында негізінен спортшылар ұл балалар болса, жылдан жылға қазақ күресімен шұғылданған қызбалалар саны көбеюде. Осы жолы облыстық чемпионатына 3 қыз қатысты, олардың екеуі – Жансая Жусупова 2-ші, Жасланова Лунара – 1 орын иеленіп оралды. Ұлдар арасында да екі жеңімпаз анықталды. Ол 60 кг салмақта 1 орын иеленген №1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Санжар Жакантаев пен 82 кг салмақта 3-ші орын иеленген Темирхан Бекентаев болды, – деді бапкер.
Облыстық жарыста 12 спортшының төртеуі жеңіске қол жеткізді, олардың үшеуі Федоров жалпы білім беретін мектебінің білімалушылары, бапкерлері Медет Тоқабай. Жалпы осы мектептен облыстық жарысқа 8 спортшы қатысты.
Қазақ күресі – ұлттық спорт түрлерінің бірі. Оның ауданымызда кеңінен дамуы – ұлттық құндылықтарымыздың дамуының тағы бір кепілі деуге болады.
Бақытжамал ДАРКЕНОВА
Чтобы привить подросткам любовь к малой родине, не обязательно читать им нравоучения или лекции на…
Ведь не зря в народе говорят, что летний день год кормит. (далее…)
- И это не удивительно, - считает руководитель ГКП «Центр обучения языкам акимата Узункольского района»…
Ұзынкөл ауданының Федоров кентінде Күрес залы ашылатын болады. (далее…)
В ходе визита глава области оценил ход реализации государственных инициатив, строительство социально значимых объектов, развитие…
This website uses cookies.