Ұзынкөлде өткен Форумда белсендіжастар анықталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен өткен кеңесте «Заң және Тәртіп» қағидатын сақтау қоғамның идеологиялық және саяси басшылығына айналуға тиіс екенін атап өтті.

«Әділ Қазақстан – Заң мен тәртіп үстемдік ететін ел», – деді Президент.

– Бұл жаңа қоғамдық келісімнің негізі болып табылатын маңызды постулат. Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігінің конституциялық қағидаты сақталмаған жерде әділ мемлекет құру мүмкін емес. Егер біз әділеттілік, теңдік және заңның үстемдігі туралы мәселенің тарихын қарастыратын болсақ, онда оның шығу тегі ежелгі дәуірмен сәйкес келеді. Бұл мәселенің тарихы бай болғанымен, өзектілігі әлі жойылған жоқ. Адамзаттың тарихи дамуының әр кезеңінде құқық пен әділеттіліктің байланысы туралы сұраққа өз жауабы болды. Бірақ барлық елдер мен мәдениеттерге тән бір жалпы ұғым бар, оны келесідей тұжырымдауға болады: «Заң – бұл мемлекет пен қоғам өміріндегі әділеттіліктің көрінісі», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

«Заң және Тәртіп» қағидатын сақтау мақсатында жұртшылықтың қатысуымен барлық жерде іс-шаралар өткізілуде. Үстіміздегі жылдың сәуір айында Ұзынкөл ауданының ішкі саясат бөлімінің «Заң және Тәртіп» жобасын «Қостанай облысының Журналистер одағы» ҚБ жүзеге асыра бастады.
Жақында Аудандық мәдениет үйінде «Қостанай облысының Журналистер одағы» ҚБ ұйымдастыруымен «Заң және Тәртіп» жобасына қатысқан жастарға арналған үлкен Форум өтті. Форумда Ұзынкөл ауданында жастар қозғалысын дамытқаны үшін Алина Райлян, Әсел Танабаева және Медет Тоқабай сынды жастар марапатталды. Марапаттау рәсімін Ұзынкөл ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Әбілқайыров өткізіп, форумға қатысушылардың алдында сөз сөйледі.

– Мектеп қабырғасынан белсенді қоғамдық ұстанымға ие жастар болашақта мемлекетіміздің заңға бағынатын азаматтары болады – деді ол. – Осы жастарға лайықты марапаттар беруге қуаныштымын. Өйткені, жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын және күрделі сын-қатерлерден қорықпайтын осындай көшбасшылар арқасында біздің қоғамның алға ілгерілеуі сақталады. Сіздің энергияңыз және таныс нәрселерге жаңа көзқарастарыңыз – бұл біз күткен сапалы өзгерістер үшін қажет нәрсе, – деді Нұрсұлтан Бақтиярұлы. Айта кетейік, Алина Райлян Ұзынкөл жастарының идеялары мен бастамаларын белсенді қолдайды. Ол ауданның Жастар ресурстық орталығында жұмыс істейді, оның қызметі жергілікті жастарға көмек көрсетуге және дамытуға, оның жобалары мен қоғамдық бастамаларын іске асыруға жәрдемдесуге бағытталған. Әсел Танабаева да белсенді өмірлік ұстанымымен ерекшеленеді. Ол жас жол инспекторларының қозғалысын ілгерілетумен айналысады, оқушылардың бастамаларын тек аудандық деңгейде ғана емес, облыстық деңгейде де ұсынады және қолдайды. Медет Тоқабай жақында 1 миллион теңге көлемінде грант иегері атанды. Алынған қолдаудың арқасында ол Федоров ауылында спорт залын ашты, онда жастар ыңғайлы жағдайда үнемі спортпен шұғылдануға мүмкіндік алды.

Бақытжамал ДАРКЕНОВА,
Фотоны түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Подведены итоги конкурса «Бір минут – бір таңдау» в Узункольском районе

В районном доме культуры состоялся Форум, где подвели итоги конкурса короткометражных роликов по профилактике…

1 день ago

Живу там где сердцу спокойно

Александра Ельшова в селе Пресногорьковка называют по разному: кто по имени отчеству - Александр Александрович, …

2 недели ago

Пограничники по профессии, тренеры по призванию: как в Пресногорьковке растят юных футболистов

На протяжении нескольких лет  Виктор Максимюк и Руслан Утельбаев - пограничники и фанаты спорта из…

3 недели ago

Пресногорьковка готовится к зиме: дрова, уголь и хлопоты сельской жизни

Август — это не только время жарких дней на закате лета да удивительно красивых ночных…

4 недели ago

В Узункольском районе развивают производство востребованных ЛСТК

Новые возможности для развития тонкостенных конструкций предложило ТОО «Jana Dala JQ» (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.