«DODA» ойыны мектеп оқушыларының өміріне кіргеніне қатарымен үш жыл да болып қалыпты.
Егер былтырлары ауданның жеңімпаздар командасы Меңдіқара, Сарыкөл аудандарына барып ойнаса, биылғы жылы аймақтық ойынның іріктеу кезеңін өткізу сәтін Кәмшат Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мектебі өзіне алды.
Сонымен, «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ қолдауымен жақында, Ұзынкөл ауданында «Облыстық «DODA» дарынды және шығармашыл балалар лигасы» жобасының «Шығыс» аймақтық іріктеу ойындары өтті.
«DODA»-2025» сайысына Меңдіқара ауданы жеңімпазы «Меңдіқаралықтар», Ұзынкөл ауданы жеңімпазы обағандық «Әзіл TIME» командасы, Қарасу ауданы жеңімпазы «Парасат», Алтынсарин ауданы жеңімпазы «Тфәй-тфәй» құрамалары қатысты.
Жарыс барысында «Көңілді мәре» спорттық сайысы және «Jaidarman» жеңімпазы болып «Тфәй-тфәй» командасы шықса, «Asu intellect» зияткерлік сайысы жеңімпазы «Парасат» құрама командасы аталды, ендігі мезетте «Мобильдік ойындар» сайысы жеңімпазы атағын «Әзіл TIME» командасы иеленді.
Жалпы есепте «Шығыс» аймақтық іріктеу ойындарының жеңімпазы – Алтынсарин ауданы «Тфәй-тфәй» құрамасы облыстық финалға жолдама алды. Біздің Обаған командасын бастап келген Алтын Садуова айтуынша, Марғұлан Бәкір жетекшілігімен ұйымдастырылған «Облыстық «DODA» дарынды және шығармашыл балалар лигасы» жобасының қазақтілді мектептердің оқушылары үшін пайдасы мол болды. Бірақта, осы жобаның соңғы жыл облыста асырылуы дұрыс емес. Себебі, жоба балардың шығармашылық дамуы, қазақ тілін жетік меңгеріп қолдануы, спорттық және интеллектуалдық дамуы қатарымен жүруі негізінде оқушыларда үлкен қызығушылық туғызуда.
Бақытжамал ДАРКЕНОВА,
фотосуретті түсірген автор
Николай Коляда — драматург, чьи пьесы ставили по всему миру, — был родом из костанайской…
И всё это несмотря на приличный мороз, который послала зима напоследок, не собираясь уступать свои…
В Узункольском районе состоялась первая встреча в рамках социального проекта, направленного на поддержку граждан, состоящих…
В Узункольском районе продолжается интенсивная подготовка к весеннему паводку (далее…)
Выездная выставка «Музейный караван» - это просветительский проект областного учреждения в рамках. «Дни музея в…
Инициаторами поддержания народных традиций стал коллектив клуба активного долголетия. (далее…)
This website uses cookies.