Тұңғыш Президенті күніне орай Ершов орта мектебінде облыстық гір көтеруден турнир өтті
Ұзынкөл аданы Ершов елді мекеніңде гір тасын көтеруден облыстық турнир өтті. Тартысты өткен сайыс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылды.
Күш пен жігерді, ептілік пен мықтылықты қажет ететін гір спорты Ұзынкөл ауданында қарқынды дамып келеді. Бұл спорт түрінен өңірде талай мықтылар да шығып, Артем Мишура, Андрей Кокоулин, Дамир Байжанов тағы басқа аудан намысын облыстық, республикалық дәрежеде лайықты қорғап жүр. Өткен аптада Ершов орта мектебінде гір спортынан ерлер және жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында облыстық жеке-командалық турнир ұйымдастырылды.
Ұзынкөл ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің ұйымдастырған сайыста қыздар арасында 8 салмақ дәрежесі бойында жарысса, ал ұлдар арасында 11 салмақ дәрежесі бойынша Алтынсарин, Федоров, Сарыкөл,Ұзынкөл Қостанай ауданы, және Қостанай қаласынан 100-ге жасөспірім қатысып, өз бақтарын сынады.
Жарыстың ашылу салтанатында Ұзынкөл ауданының әкімі Талғатбек Сапабекұлы Даиров жиналған спортшыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
-Құрметті жерлестер, спорттық сайысқа қатысушылар! Баршаңызды аудан көлемінде өтіп жатқан облыстық гір көтеру турнирдің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – дені сау ұлт қалыптастыру мақсатында бұқаралық спортты дамытуды көздейтіндігі мәлім. Бұл тұрғыда ауданымызда жүйелі түрде жарыстар ұйымдастырылуда. Бүгінгі күні аудан спортының, әсіресе, гір спортының дамуына елеулі үлес қосқан, көптеген сайыстарда жоғары жетістіктерге жетіп, аудан намысын абыроймен қорғаған жерлестеріміз көп. Осыған орай жарысқа қатысып отырған барша спортшыларға тек жетістіктер тілеймін. Сонымен қатар бұл жарысқа қолдау көрсеткен шаруа қожалық басшылары Мартынов Николай, Горбатенков Геннадий, Иржанов Ахметжан, Жученко Сергей, Ерушенко Анатолий, Ковченко Андрей, құс фабрика директоры Игорь Горбатенков, Ерденов Есимханға алғысымды білдіремін деді аудан басшысы.
Салтанатты шарада сондай-ақ Қостанай облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Дмитрий Грязнов сөз сөйлеп, Елбасымыздың қазақ елі үшін сіңірген ерен еңбегін ерекше атап өтті. Сондай-ақ Бұл турнирдін басты спонсоры болған Қостанай облыстық мәслихаттың депутаты, «Ершовское-2» ЖШС-нің директоры Сабит Ағайдаров, Ершов ауылдық округінде өткізілген алғаш рет облыстық гір көтеру турнирін қолдап, бағын сынап келген спортшыларға сәттілік тіледі, және де кез-келген өткізілетін спорт түрлеріне қолдау жасауға дайынмын деп уәдесін берді. Жалпы, гір тасын көтеру спорты аталған елді мекенде тұрақты жолға қойылған. Аудан жастарының спорттың бұл түрінен жеткен жетістіктері де аз емес. Әділ төрешілер қатарында Ершов орта мектебінің дене шынықтыру сабағының ұстаздары Сергей Мишура, Николай Шиллер. Сонымен қатар бұл турнирде басты төреші болған Александр Михайлович Рудев. Оқушылар салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған игі жарыста барын салды.
Салтанатты шарадан соң, Жарыс басталды. Балалар денелерін қыздырып, дайындалу үстінде. Жарыстың барысын қарай отырып жас спортшылардың спортқа ұмтылыстарына, жеңіске деген жігерлеріне риза болдық.
Гірспортындакүш те, әдіс те, ептілік те аса қажет. Ал, рухтыңбиіктігініңорныбірбөлек. 2005-2006жылғылар, 2013жылғыларбоптопқабөлінгенкішкентай “Толағайлар” мен “Таусоғарлар” біріненсоңбіріортағашығыпкүшсынасуда. Екіқолғаекігіртасыналыпкеудеге сала тоқтап, сәлкідіреаспанғасерпижөнеледі. Әрспортшыныңгіркөтерген саны есептеулі. Төрешіқатаңбақылауда.
Келгенқонақтар да, жиылғанхалық та кішкентайбалалардыңкішкенешаршағанжағындаұрандап, айғайлауына, өзін-өзіқайрауынатаңқалды. Әрспорттыңөзерекшелігі бар. Гірспортыміне, осындай.
Қыздар арасында бірінші орынға ие болған 28 салмақ дәресінде Бикжанова Алина «Ұзынкөл», 33 салмақ дәрежесінде Бикжанова Карина «Ұзынкөл», 38 салмақ дәрежесінде Халилова Карина «Алтынсарин ауданы», 43 салмақ дәрежесі бойынша Мищенкова Анна «Сарыкөл» 48 салмақ бойынша Булекпаева Махаббат «Сарыкөл», 53 салмақ дәрежесі бойынша Рудева Юлия «Қостанай» 58 салмақ дәрежесі бойынша Литвинова Екатерина «Костанай» 58+ салмақ дәрежесі бойынша Доцун Елизавета «Ұзынкөл».
Ұлдар арасында бірінші орынға ие болған: 28 салмақ дәрежесі бойынша Волков Илья «Костанай» 33 салмақ дәрежесі бойыншаБахман Иван «Сарыкөл» 38 салмақ дәрежесі бойынша Деккер Роман «Ұзынкөл» бапкері Александр Мишура, 43 салмақ дәрежесі бойыншаБлага Александр «Ұзынкөл» 48 салмақ дәрежесі бойыншаСтельмах Антон «Қостанай» 53 салмақ дәрежесі бойыншаСуиндиков Руслан «Қостанай» 58 салмақ дәрежесі бойыншаКадырбеков Кадырали «Қостанай» 63 салмақ дәрежесі бойынша Мишура Артём «Ұзынкөл» 68 салмақ дәрежесі бойынша Шаекенов Манур «Қостанай» 73 салмақ дәрежесі бойынша Михайлов Андрей «Рудный қаласы» 73+ салмақ дәрежесі бойынша Друца Никита «Қостанай»
Жалпы команда бойынша эстафеталық жарыста қыздар арасында бірінші орынға ие болған Ұзынкөл командасы, ал екінші орынды еншісіне байлаған Қостанай қаласы, үшінші орын Алтынсарин ауданына бұйырды.
Ұлдар арасында эстафеталық жарыста бірінші орын Ұзынкөл ауданы қанжығасына бұйырды. Екінші орын Қостанай қаласы, үшінші орын Сарыкөл ауданы алды.
Жарыс соңында жүлделі орын алғандарға медальдар, мақтау қағаздары мен сыйлықтар тапсырылды.
Султанбек Кожанов
В Узункольском районе прошла встреча с лицами, находящимися на учете в службе пробации, где юрист…
Узункульский район, Новопрокровская общеобразовательная школа - знакомьтесь: ученик 10 класса этой школы Дамир Шуентаев. (далее…)
Старожила села Троебратское Узункольского района Полину Леонтьевну Садовую мы застали в маленьком домике за укладкой…
И не безрезультатно: меды и мясо на центральном рынке Астаны были на расхват. (далее…)
Село Троебратское, Узункольского района, некогда большое с разветвлённой инфраструктурой, после закрытия предприятий и организаций и,…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
This website uses cookies.