Ұзынкөл ауданында Республикалық байқауға 111 оқушы қатысты

6-10 сынып білім алушылары арасында «Оқырман мектебі» жобасының аудандық кезеңі өтті.

Осы бастама аясындағы жарқын оқиғалардың бірі өскелең ұрпақтың назарын әдебиет әлеміне аударған «Оқырман мектебі» жобасы болды. Бұл жобаның кітап оқуды насихаттауға, сыни ойлауды дамытуға және кітаптың білім мен шабыт көзі ретіндегі рөлі өте маңызды болды.

Үстіміздегі жылдың 14 сәүірде Аудандық мәдениет үйінде Ұзынкөл ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Қазбек Уразбаев пен Ұзынкөл ауданының білім бөлімі бастығы Сәуле Айтпаеваның қатысуымен үлкен аудандық іс шараның салтанатты тұсаукесерімен басталған байқау, өз жалғасын  № 1 Ұзынкөл жалпы білім беретін, Кәмшат Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мектептері мен Аудандық балалар шығармашылық үйі қабырғаларында тапты.

«Оқырман мектебі» байқауының аудандық кезеңіне 6-шы сыныптан 10-шы сыныпқа дейінгі аралықта мектептік кезеңінде жүлделі орын иеленген ауданның барлық дерлік мектептерінен келген111 оқушы қатысты. Байқау үш оқушыдан құралған сыныптық командалар қатысты. Қазақ лигасында Кәмшат Дөненбаева және Федоров ЖББМ оқушыларынан құралған 6 команда жарысқа түсті, ал Орыс лигасына 29 команда қатысты. Байқау интеллектуалды квиз түрінде өтті. Квиз 45 сұрақтан құралды, олардың әрқайсысына дұрыс жауапты таңдауға бір минуттан аз уақыт берілді. Барлық қатысушылар өте жақсы білім мен өнерлерін көрсетті, дегенмен де, жүйрікті жүйрік озар дегендей, жеңімпаз аталуға тек саналған командалар жете алды.

Байқау қорытындысы бойынша Қазақ лигасында Кәмшат Дөненбаева ЖББМ 6,7,8,9,10сынып командалары І орынға қол жеткізді. Ал Орыс лигасының командалары арасындағы параллельдерге сәйкес бірінші орындарға ие болды: 6 сынып командалары арасында №1 Ұзынкөл ЖББМ, 7 сыныптар арасында Белоглин НОМ командасы, 8 сыныптар арасында №1 Ұзынкөл ЖББМ командасы, 9 сыныптар арасында Троебратск ЖББМ командасы, 10 сыныптар арасында Троебратск ЖББМ командасы. Жарстың аудандық кезеңіне қатысқан барлық оқушылар сертификаттар иеленді, ал жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді. Байқау ұйымдастырушылары осы тәріздес іс шаралардың оқушылардың ой өрісін, логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына үлесі зор болатынын атап өтті. Енді бірінші орын иеленген командалар аудан намысын облыстық кезеңде сәйуірдің 20-да аудан намысын қорғайтын болады. Ендеше оларға іске сәт, жеңіспен оралуға тілектес болайық, ағайын.

Бақытжамал ДАРКЕНОВА,

фотосуреттер Дания СЕЙДАХМЕТОВА мен Айнагуль ЖАКАНТАЕВАНІКІ

Редактор

Recent Posts

Ученица из Узункольской школы достойно представила Костанайскую область в Республике

В предпраздничную неделю в Президентском центре УДП РК подведены итоги ежегодного республиканского литературного конкурса «Х…

5 дней ago

Ұзынкөл ауданы Ершов аулында спорт дамуына жаңа екпін беретін спортзал ашылды

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың денсаулығын нығайтуда салауатты өмір салтын жүргізіп, спортпен шұғылдануының маңыздылы…

2 недели ago

Узунколь: Закон и порядок начинаются с повседневных поступков

Как распознать телефонного мошенника? Что делать, если подростка унижают в общем чате? (далее…)

3 недели ago

Инклюзияны қолдау кабинеті білім алуға тең мүмкіндік жасау үшін Ұзынкөлдік мектепте ашылды

Қазақстандық білім беру саласының басымды бағыттарының бірі – инклюзивтік. (далее…)

1 месяц ago

В отделе пробации Узункольского района прошла встреча с лицами, состоящими на пробационном контроле

Во время встречи каждому обратившемуся подробно объяснили, с чего начать и куда обращаться в случае…

1 месяц ago

Ұзынкөлде өткен Форумда белсендіжастар анықталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен өткен кеңесте «Заң және Тәртіп» қағидатын…

1 месяц ago

This website uses cookies.