Пресногорьков, Троебрат және Сатай елді-мекенінде 49 балаға көмек көрсетілді
Елімізде 1 тамыздан бастау алған дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы Ұзынкөл төңірегінде бастау алды.
Акцияның басты мақсаты – жетім балаларға, ата-ана қамқорынсыз қалғандар мен күн көрісі төмен отбасылар балаларына әлеуметтік тұрғыдан қамқорлық көсету болып табылады. Осының арқасында балалар жаңа оқу жылына даярлықпен барады.
Аудандық «Балықты» мештінің ұжымы биыл облыс және аудан көлемінде бірінші болып акцияны бастап кетті. Биыл мешіт ұжымы ауданнан алыс орналасқан Пресногорьков, Троебрат және Сатай селоларында 49 балаға қайырымдылық танытып, 300 мың теңгеге оқушыларға арналған мектеп формасы мен спортық киімдер табыс етті.
Қайырымдылық шарасында сөз алған «Балықты» мешітінің алқа мүшесі Темирбек Избасов осынау игілікті шараның маңыздылығына тоқталып, оның төл дінімізде де сау- апты амал екендігін айтып өтті.
– Жаңа оқу жылына да санаулы күн қалды. Осыған орай, «Балықты» мешітінің ұжымы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына аз да болса жәрдемімізді тигізсек деп едік. Өздеріңіз жақсы білесіздер, мешіт сауда орны емес, үлкен кәсіппен де айналыспайды. Сондықтан, бүгінгі игі шараға жалғыз біз ғана емес, ауданымызда тұратын қалталы азаматтардың да жәрдемін тигізгендігін, солардың қайырымдылық жасауының арқасында қажетті қаражатты топтастырып, балаларға осындай сыйлықтарды тарту етіп жатырмыз, — дейді Темирбек Избасов. – Пайғамбарымыздың хадис-шарифтерінде Алла Тағаланың алдындағы ең сүйікті амалдар мұсылман бауырларға қандай жолмен болса да, жүзіне жылулық сыйлау. Елу шақты балаға сый-сияпат жасап жатырмыз. Осының бәрі халыққа қайырымдылық жасау мақсатындағы іс-шаралар деді, – «Балықты» мешітінің бас имамы Есенгелді қажы Сақтағанұлы.
Сұлтанбек ҚОЖАНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31