Categories: Новости

Қостанайдың қақ ортасына Хәкімжан Наурызбаевқа арнап ескерткіш-Бюст қойды

«Елсан» ЖШС-нің директоры Тұрсынбай Бағытбайұлы Садвакасовтың мұрындық болуымен және ұзынкөлдік кәсіпкерлердің демеушілігімен қазақ елінің бір туар азаматы, Қазақстанның ұлттық монументальды өнерінің бастауында тұрған қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың игері, «Тарлан» сыйлығының игері  және «Парасат» орденімен марапатталған, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнерінің академиясының профессоры Хакімжан Есмаханұлы Наурызбаевқа арнап  Қостанай қаласының қақ ортасында орналасқан  Алтынсарин және Пушкин көшелерінің қиылысында еңселі ескерткіш-бюст қойып берді

Қай заманда да қазақтың жоғын жоқтап, мұңын өнерімен мұңдаған Хәкімжан Есмаханұлы Наурызбаев  есі­мін бүкіл ел біледі. Дүниеден озға­ны­на 10 жылға жуық уақыт өтсе де, жасаған еңбектері  ел ортасында әлі күнге дейін айтылып келеді. жүректен шыққан туындылары  кейін­гі жастарға өшпес өнеге. Қазақ еліне  үшін атқарған абыройлы істері қазіргі қо­ғам үшін айнымас темірқазық. Хәкімжан Есмаханұлы Наурызбаев 1925 жылы  Қостанай облысы Меңдіқара ауданының №1 ауылында дүниеге келген. Бала кезінен сурет салумен әсіресе мүсіндеумен шұғылданған. Мүсіншінің балалық шағы  сұрапыл соғыспен тұспа-тұс ке­ліп, оқуды тастап, майданға кеткен  ересектердің орнында ұжымшарда жұмыс істеуге тура келді. Бақташы, ұжымшар ұстаханасында ұстаның ауыр жұмыстарын атқара жүріп,  темірді қалағанша балқыта иіп, ұсталықпен айналысуы түрлі мүсіндерді соғуға  машықтанады. Сол уақыттарда аудандық  әуесқойлардың өнер байқауында Жамбыл Жабаев пен Максим Горкийдің кеуде мүсіндері үшін сыйлық алады.  Тар заманда есейген ауыл баласы алыс­қа көз тікті. Хәкімжанның Өнерге деген талпысын сезген үлкендердің көмегімен білімге деген құш­тар­лық Алматы көркемсурет училищесіне жетеледі. Бір жылдан соң бірінші курсты аяқтаған кейін Мәскеудегі сәулет институтының дайындық бөліміне жіберіледі.

Ескерткіштің ашылу салтанатына Қостанай  облысының әкімі Архимет Бекежанұлы Мұханбетов,  кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халықартисі, КСРО халықартисі, Қазақ КСР мемлекеттіксыйлығының лауреаты,  КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асанәлі Әшімов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет орденінің иегері» Ресей көркемсурет академиясының құрметті мүшесі Тілеуберді Мелдешұлы Бинашев және Ұзынкөл ауданының әкімі Қайрат Тынынбайұлы Абишев, «Елсан» ЖШС-нің директоры Тұрсынбай Бағытбайұлы Садвакасов, «Мирас»  шаруа қожалығының директоры Ұзынкөл ауданының құрметті азаматы Болат Жұмашұлы Қарабаев, «Балықты» мешітінің бас имамы Есенгелді қажы Сақтағанұлы, «Балықты» мешітінің алқа мүшесі Жамбыл Күмәжанов атамыз қатысты.

Саналы ел ерін ұмытпайды. Оған  жиналған алқалы топ дә­лел. Хәкімжан Наурызбаевтың ескерткіш жанына халық көп жиналды. Ұлын ұлық­тады, көзіне жас алып, кемеңгерлігін өнерін  сөз етті. Еңселі ес­керткіштің ашылу рәсімінде Қостанай облысының  әкімі Архимет Мұханбетов сөз алды.

– Құрметті ағайын! Хәкімжан Наурызбаев  – бүкіл қазақ халқына ортақ тұлға. Әсі­ресе, оның есімі қостанайлықтарға  өте ыс­тық, – деп бастады Архимет Бекежанұлы. Ол қандай іске де қазақ руханияты тұр­ғысынан қарайтын. Адамды тірісінде мақ­тап жатады. Өлгеннен кейін ұмы­та­ды. Бірақ ұлы істерімен ұмытылмайтын адамдар бар. Ондай тұлғаны халық із­дейді, сағынып тұрады. Хәкімжан Наурызбаев қазақ халқымен бірге.Бүгінгі орнатылып жатқан Хәкімжан атамыздың ескерткіш мүсіні Қостанай қаласының 140 жылдық мерейтойына үлкен сыйлық болды. Осы Ескерткішті орнатуға демеушілік жасаған кәсіпкерлерге алғысым шексіз деді-облыс басшысы Архимет Бекежанұлы.

Салтанатты ашылу сәтіне кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халықартисі, КСРО халықартисі, Қазақ КСР мемлекеттіксыйлығының лауреаты,  КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асанәлі Әшімов  айталы сөз сөйлеп, Хәкімжан атамыздың өнерін  сан қырын тебіреніспен еске алды.

— Бұл ескерткіш — халқымыздың аяулы перзенті Хәкімжан Наурызбаевқа  жасалған тағзым.  Тарихты тобыр жасамайды, тұлға жасайды. Сол тұлғаның бірегейі — Хәкімжан атамыз. Ол өз бойына өркениеттің ұлы қасиеттерін сіңдірген. Сол қасиетінің арқасында қазақ халқының қамын жеп, қызмет көрсетіп, артына өшпейтін із қалдырды. Хәкімжан атамызбен тек бір өңір ғана емес, еліміздің әр аймағы мақтанады. Өйткені ол барша қазаққа тән дара тұлға. Сондықтан бабамыз қазақ қалқымен бірге мәңгі жасай бермек, — деп түйді сөзін.
Салтанатты шараның екінші бөлігі Медеу мейрамханасында   Хәкімжан Наурызбаевтың  рухына  ас беріліп, құран бағыштады.

Султанбек КОЖАНОВ

Редактор

Recent Posts

Историк из Пресногорьковки удостоен знака «Патриот Казахстана»

На областном форуме «Адал азамат: елге қызмет, рәмізге құрмет», приуроченном ко Дню государственных символов Республики…

10 часов ago

Патриотизм делами: руководитель хозяйства из Узункольского района удостоен знака «Патриот Казахстана»

В Казахстане, в том числе и в Костанае, регулярно проходят форумы, на которых активным гражданам…

12 часов ago

Посевная на финишной прямой: узункольские аграрии делают ставку на будущий урожай

Финальным аккордом мая стали последние засеянные клетки полей, ставка на которые делается на осень, когда…

3 дня ago

В Пресногорьковке появились новые пешеходные переходы со светодиодами

Дорога таит в себе немало опасностей как для взрослых, так и для детей — и…

1 неделя ago

В Узунколе прошли встречи по профилактике коррупции, торговли людьми и интернет-мошенничества

В  районе состоялась информационно-разъяснительная встреча, посвященная вопросам профилактики коррупционных правонарушений и противодействия торговле людьми. (далее…)

2 недели ago

Аким районного центра Сарыколь Сергей Горшенин рассказал о жизни села

На вопрос, как село сохраняется после зимы в чистоте и порядке, Сергей Витальевич ответил, что…

2 недели ago

This website uses cookies.