Қостанай қалалық №28 мектеп-гимназиясы ішінен әскери журналистикаға баулитын үйірме ашылды

Қаламыздағы мемлекеттік тілде бірім беретін №28 мектеп-гиманзиясы ішінен «Шекараның жас тілшісі» үйірмесі ашылды

Мақсат – оқушыларды шекара қызметіне жастайынан баулу. Шекара шебіндегі тіршіліктің қыр-сырымен етене таныстыру. Екінші жағынан болашақта журналист болам деген балғындарға әскери журналистика бағытын нұсқау. Оқушы бойындағы әскери-патриоттық сезімін қалыптастыру.

Қазақ журналистикасының тарихына үңілетін болсақ, қару мен қаламды қатар алып өткен әскери жазушылар баршылық.

Аталмыш үйірменің ашылуына себепші болған, ҚР ҰҚК ШҚ Әскери патриоттық қызметі басқармасының редакция және баспахана бөлімі ақпараттық бөлімшесінің офицері, майор Манарбек Қарекенов. Оның бұл бастамасын облыстық білім басқармасындағылар да мақұлдаған.

Айтуынша, қазіргі таңда әскери журналистикаға көп көңіл бөлініп келеді. Департаментерде әскери өмірді баяндайтын газет-журналдар шығару қолға алынып, әскери тақырыпта жазам деушілерге жұмыс бар екендігін жеткізді.

– Шекарашылардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі үлесін арттыру мақсатында ашылған үйірме. Әскери патриоттық қызмет басқармасында жұмыс жасағандықтан, БАҚ өкілдерімен тығыз байланыста болып қана қоймай патриоттық тәрбие берумен де айналысамыз. Журналистиканы бітіргендердің көбі қоғамдық-саяси басылымдарда қызмет атқарады. Ал, қазір әскер өмірінен болмаса осы бағыттағы қызметтен хабар беретін басылымдар саны артып келеді. Өзім шекара қызметінде жұмыс істегендіктен, оқушыларды осы бағытқа даярлайтын болсақ, бірі болмаса бірінің қызығушылығы артады деген сенімдемін. Негізгі мақсат – оқушылардың отбасында, қоршаған ортада, мектепті сапалы білім алуға дайындау үшін оқушылардың жалпы білім беру бағдарламасындағы жекелеген пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігімен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда, оқушылар мектепте заманауи құрылғыларды кеңінен қолданады. Барлығы ақпараттық ортамен яғни теледидар, ғаламтор желісі, мерзімдік жергілікті басылымдардан хабардар. Сол себепті, бұл үйірме оқушы бойындағы аса үлкен қызығушылықты шығармашылық  жұмыспен ұштастырып, нақты мақсатқа жұмылдыруға мүмкіндік береді, – дейді үйірме жетекшісі Манарбек Қарекенов.

Үйірмеде қазір 15-тен аса оқушы бар. Жас ерекшелігінде шектеу жоқ. Елдегі жағдайға орай, оқушылар үйірме жетекшісімен қашықтан байланыс жасап отыр.

– Карантин болғандықтан, оқушылар тапсырманы онлайн жүйеде орындап жүр. Ең алғашқы кезеңде оқушыларға журналистика жайлы мағлұмат беріп, оның ерекшеліктерімен таныстыру жұмыстары жүргізілуде. Оқушыларға «Отан», «Туған жер», «Әскер» деген сияқты жеңіл тақырыптарды беріп алдымен шығарма жазғызудамын. Одан бөлек, ауызша және жазбаша жазу мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру, аудиториямен байланыс орнату, көпшілік алдында сөйлеу тұрғысынан дәріс барысында дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әскери бағыт болғандықтан, шығарма барысында сол бағыттағы тіл дағдыларын дамыту қарастырылған. Қызығушылығы бар оқушыны мектеп жасынан даярлайтын болсақ, болашақта үлкен әскери тілші атануы ғажап емес, – дейді Манарбек Қарекенов.

Үйірме жетекшісінің алдағы уақытқа құрған жоспары бар. Елдегі ахуал жақсарған соң, үйірме мүшелерімен бірге шекара шебіне барып, ондағы тіршілікті көзбен көріп етене таныстыру.

– Үйірме мүшелері ол жақтағы шекара барысынан қалам тербеп қана қоймай, бейнеролик түсіріп әлеуметтік желіге жүктеп машықтанады. Бұл жұмыстардың барлығы шекара қызметінің барысымен халықты ақпараттандырып, қызметкерлердің беделін көтеруге өз септігін тигізеді, – дейді үйірме жетекшісі Манарбек Қарекенов.

Сондай-ақ зерделі үйірме мүшелеріне арнайы диплом беріледі.   Қаламы қарымды жас тілші  әскери-патриоттық газет беттеріне  мақалаларын жариялайтын болады.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Для педагогов Узункольского района финальным аккордом учебного года стала торжественная церемония «Жас Дарын»

По данным методического кабинета районного отдела образования, на церемонии 111 учеников школ района, которые не…

1 неделя ago

Школьники Узунколя прощаются с учебниками и уже в предчувствии отдыха

Сегодня в организациях образования Узункольского района обучаются 1819 детей, из них 271 выпускник, из которых…

2 недели ago

В селе Узунколь появилась новая детская площадка

Построить ее позволил проект «Жаркын - ауыл» (далее…)

2 недели ago

В Узункольском районе прошла встреча с лицами, состоящими на учете в службе пробации

Мероприятие, организованное в рамках проекта, направленного на ресоциализацию и реабилитацию граждан, освобожденных из мест лишения…

2 недели ago

История одного поиска. Имя героя останется навечно

Богата Костанайщина на солдат-героев. (далее…)

2 недели ago

Узункольский пожарный дозор вышел на боевое дежурство

В эти дни в районе неудивительно увидеть  компактный механизированный отряд, в который входит легковой автомобиль…

3 недели ago

This website uses cookies.