Ұзынкөл ауданының құрметті азаматы, «Меценат» «Мирас» шаруа қожалығының бас директоры Болат Жұмашұлы Қарабаевтың 20-шы күзгі науқаны аяқталуға жақын қалды. Бұл шаруашылық биылғы жылғы астық науқаның мерзімінде бастады. Алайда жаңбыр жауған уақытта тоқтатуға тура келсе де, ауа-райының қолайлы сәтін пайдаланып жалғастыруда.
– Қазіргі сәтте біз сұлы мен арпаны толықтай жинадық. Енді бидайды аяқтап жатырмыз. Қазіргі сәтте 70 пайыз гектар бидай орылды. Астық науқанының жалпы барысына ризамын, осылай істей берсек, қыркүйектің соңына дейін барлық өнімді қырманға кіргіземіз. Арпа орташа өнімділігі гектарынан 33 центнерге, ал бидай гектарынан 26,28,33,36 центнерге дейін шықты. Әрбір клеткада әртүрлі көрсеткіштер шығып тұр. Негізі көрсеткіштер мен үшін жаман емес-деді.Астық науқанында өткен жылдағыдай егістікке 5 комбайн шықты. Олардың жоғары өнімділігін есепке алсақ, жалпы жоспар бойынша күніне 1000 тонна бидай ору болып тұр. Күзгі жауын-шашынның кедергісінен қазіргі кезде күніне 100 тоннадан 500 тоннаға дейін орамыз. Жалпы шаруашылықтағы егістік алқабының барлығы – 4000 мың гектар. соның ішінде 2500 га бидай, 450 га арпа, сұлы 220 ал зығыр 844 гектарды құрайды, – деді шаруашылық басшысы Болат Жұмашұлы.
Шаруа басшысы Болат Жұмашұлы әңгімесін жалғастыра келе, биылғы алған техникалырын тізбектеп айтып шықты және жалғастырды.
– Менің шаруа қожалығым лизинг несиесі арқылы 3 дана К-735 маркалы техникасын сатып алды. Әр техниканың бағасы 43 млн теңге тұрады. Соған қоса 15 комплектті дән сепкіш «Сеялка» , бір дана «БДМ», бір дана «Дәнатқыш» және бір дана «газ53» сатып алдық. Сатып алған жаңа техникаларым соншалықты артық жұмыс тыңдырмайды. Тек менің қол астымда жұмыс жасап жатқан қызметкелерімнің жағдайын жасағым келді. Былайша айтқанда. Жаңадан сатып алынған «Комбайн» болсын, К-735 техникасы болсын барлығында да қозғалқыштары автоматты түрде жұмыс істейді. Бұрынғыдай шаң-тозан болып жүрмейсін. Мен алдымен қол астымда жүрген қызметкелерімді, «біріншіден тегін тамақтандырамын», « екіншіден заманауи техникасына отырғызам», «үшіншіден ақшасын аямай төлеймін». Содан кейін қызметкерімнің атқарған жұмысын сұраймын. Құдайға шүкір менде істеп жатқан жұмысшыларым осы Обаған ауылының тұрғындары. Басқа жақтан келген бөтен адамдар мүлдем жоқ. Енді, жұмысшыларымның табатын табысына келетін болсақ, «Вектор» комбайндардың рөлінде отырған жүргізушілер әрбір орған тоннасына мың теңге алады, – деді ол.
Сонымен қоса, табыстан бөлек биылғы үздік комбайншыға яғни, бірінші орын алған жүргізушіге 1500000 млн теңге сияқы беріледі. Ал, екінші орынға 1000000 млн қанжығасына басады. Бүгіншіге бірінші орында Қуандық Жаркин топ бастап келе жатыр. Екінші болып Жомарт Құлмағамбетов, үшінші Нұрлан Наурызбаев, төртінші Ермек Наурызбаев, және бесінші болып келе жатқан Сәбит Наурызбаев. Осындай диқаншыларды ынталандыру арқалы жұмысқа деген ынтасын ол жоғарлатты.
«Мирас» ШҚ-да бірнеше жылдан астам еңбектеніп жүрген Сәбит Наурызбаев, ол 2000 жылдары қалай бастағандары, қалай қиын болғандығы есінде, ал қазір жұмыс айтарлықтай жеңілдетілген.
«Біздің директорымыз жаңа техникаға қаражат аямайды, – дейді Сәбит аға, – механизатордың еңбегі ауыр екендігін біледі. Былтырғы жылы біздің егістік алқабымызға «Вектор» жаңа комбайны шықты, сондықтан да жұмыс тездетілді. Қазір түні бойы жұмыс істеудің қажеті де жоқ. Бұл машина күніне 100-ден 200 тонна астыққа дейін жинайды».
«Жалпы айтқанда Сәбит Наурызбаевқа үшін бұл 20-ші астық науқаны, сондықтан да ол ескі комбайндардың берілген жүктемелерін әзер орындайтын уақыттарды есінде жақсы сақтаған. «Бұрын бір бастыруда 20 моторға дейін істейтін, – деп еске алады ол, – олар күніне әзер дегенде 100 гектардай жинайтын, ал қазір жаңа машиналармен 100-500 гектарға дейін жинаймыз. Сонымен қатар комбайншылардың да көңіл-күйлері жақсы, өйткені еңбекақылары да жоғары».
«Бұрын бір бастыруда 20 моторға дейін істейтін, – деп еске алады ол, – олар күніне әзер дегенде 100 гектардай жинайтын, ал қазір жаңа машиналармен 100-500 гектарға дейін жинаймыз. Сонымен қатар комбайншылардың да көңіл-күйлері жақсы, өйткені еңбекақылары да жоғары».
Алғашқы болып жаңа «Вектор» комбайнымен ағайынды Наурызбаевтар істеп көрді. Бұл техниканы осы комбайншыларға сеніп тапсыруды Болат Жұмашұлы кездейсоқ шешкен жоқ. «Жауапты жігіттер, бастысы ұғымтал, – дейді ЖШС-і директоры. – Олар әкесінің жолын қуды. Әкеден балаларына мирас болған бұл техника, олар үшін бір ғанибет еді. Сондықтан да мен олар үшін сенімдімін».
Ал Наурызбаевтар болса бұндай сенімге дән риза, өйткені жаңа «Құрыштай атта» жұмыс істеу жанның рахаты. Ішінде барлығы компьютерлендірілген, кондиционер жұмыс істеуде. Комбайнның емес кеменің ішінде отырғандай сезімде боласың. «Бұнда бірнеше күн істеп жатырмын. Бірде тоқтаған емес. Компьютерлік басқаруды тез меңгердік. Күніне жиналған астықпен 25 бункерді толтырамыз дейді ағайындылар».
Әңгімемізді әрі қарай Болат Жұмашұлымен жалғастыра келе, ол өзінің алғашқы жылдары бұл шаруашылықтың қандай қиың қыстаудан өткенің бидай алқабында айтып берді.
-Әлі есімде осыдан 2010 жылы Өзбекстанда ұнның бағасы 1000 мың доллор болса, Сингапурда бидайдың бағасы 750 доллор дейін шарықтаған, ал бізден сол кезде бидайдың әр тоннасына 400 доллордан берді. Шаруашылықтың құрылғанына биыл 23 жылдан асты. Бырақ әрбір өткен науқан тарихы жағдайда есімде қалып отырды. 2014 жыл мен үшін ауыр жылдардың бірі болды. Себебі сепкен бидайым бұл жылдары мүлдем шықпады. Әбден тақырға отырған кездер еді. Бұл тығырықтан шығудың бірақ-ақ жолы шаруашылықтағы барлық бидай сорттарын өзгертуге тура келді. 2015 жылы қаладағы үйімді залогқа қойып, Россия және өзіміздің Қостанай облыстарынан өнімділігі жоғарғы бидай сорттарын сатып алдым. Содан бері құдайға шүкір жақсы өнімдерге қол жеткізіп келеміз, – деді шаруашылық басшысы Болат Жұмашұлы.
Оның толағай табысқа жетуіне себепкер болған жұмысшылар. Бүгін оларды айтпасқа болмайды. Болат Жұмашұлы көпшілігін атап өтті, өйткені оның айтуынша, бәрі де өз істерінің мамандары. Өндіріс екпінділері қатарында: Қуантай Жаркенов, Асылхан Жакешов, Қанат Жакенов, Ғабит Наурызбаев, Бауыржан Нұржанов және тағы басқалар бар.Болат Жұмашұлы қолайлы еңбек жағдайын жасап қана қоймай, өзінің жұмысшыларын қосалқы шаруашылыққа арналған азық-жеммен де толықтай қамтамасыз етеді.
Султанбек Кожанов
В Узункольском районе прошла встреча с лицами, находящимися на учете в службе пробации, где юрист…
Узункульский район, Новопрокровская общеобразовательная школа - знакомьтесь: ученик 10 класса этой школы Дамир Шуентаев. (далее…)
Старожила села Троебратское Узункольского района Полину Леонтьевну Садовую мы застали в маленьком домике за укладкой…
И не безрезультатно: меды и мясо на центральном рынке Астаны были на расхват. (далее…)
Село Троебратское, Узункольского района, некогда большое с разветвлённой инфраструктурой, после закрытия предприятий и организаций и,…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
This website uses cookies.