Мейірбике Светлананың бақытты болу формуласы

Қайта таңдау мүмкіндігім болса, қайта медицинаға барар едім

Медицина қызметкерлері күніне орай аудандық орталық ауруханасының бір мейірбикесі – Светлана Булатовамен әңгімелесіп сұхбат алуды шештік. Өйткені, бұл медициналық қызметкерді аудан көлемінде білмейтін азамат аз болатыны сөзсіз. Әңгіме алдында Светлана Есимсеитқызының Солтүстік Қазақстан облысының тумасы екенін білдік:

– Светлана Есимсеитқызы көршілес облыстан ауданымызға қалай  келдіңіз?

– Осы ауданда, осы ауруханада 1982 жылдан бері жұмыс істеп келемін, биыл, міне, табандай 38 жыл болады. Кезінде Юргамыштың медициналық училищесін тәмамдаған бойы, жолдамамен осында келіп жұмысқа орналастым. 38 жылдың алғашқы 15-ін хирургия бөлімінде істедім, қалғанын – терапия бөлімінде атқарып келемін. 38 жылдың соңғы 5 жылын мен зейнетке шықсам да, жұмысымды жалғастырып жатырмын.

– Мейірбике жұмысы қиын ба?

– Әрине, кез-келген істің өзіндік қыр-сыры болып жатады. Оны меңгермегенің ше, бәрі қиын болып көрінеді. Жұмысқа жаңа ғана орналасқан уақытта тіпті системалар туралы айтпас да, дәрі егу де қиын болатын. Қазір көзімді жұмып тұрып та қоя беретін шығармын.

– Терапия бөлімінде қанша адам еңбектеніп жатырсыңдар?

– Жалпы 12 адам еңбектенуде, біздің бөлімшеде 2 дәрігер де жұмыс істейді. Ұжымымыз ұйымшыл, қандай да бір шұғыл жағдай туындаса, бәріміз де бір-бірімізге көмектесуге дайын тұрамыз.

– Әлемде болып жатқан пандемия дағдарысының сіздің бөлімшеңізге де әсері тиді ме?

– Бәрі бұрыңғыдай дей алмаймын. Себебі, 1 қызметкерді карантиндік постқа алды. Сондықтан кезекшілік кестесі, әрине, өзгерді.  Үшеуіміз ғана қалдық, бір түн өтіп бір-бірімізді ауыстырып отырдық. Қазір бізге балалар бөлімшесі де қосылды. Сондықтан жүктемеміз көбейді, деуге болады.

– Қазір бөлімшеде қанша адам емделіп жатыр?

– 12 ересек және 4 бала аналарымен.

– Сіз кезегіңіз келгенде түнде де жұмыста боласыз. Отбасыңыз оған қалай қарайды?

– 40 жылға жуық уақытта әбден үйренді ғой. Алғашында, әрине, қиын болды. Бірақ отбасым – тірегім менің, олар мені үнемі қолдап отырды. Жолдасым – Жанкелді Сеитұлы Булатов, осы уақытқа дейін аудандық статистикалық бөлімін басқарып келді, қазір зейнеткерлікке шықты, екі қызымыз бар. Тұңғыш қызымыз – Бахытгүл, әкімшілікте есепші болып қызмет етеді, кішіміз болса, Динара, мектепті үздік аяқтап, менің жолымды қуып, Астанадағы медициналық университетінің 6 курсын тәмамдады, бірақ интернатураны Алматыда өтіп жатыр, 7 курсқа дайындалып жатыр. Елге оралуды жоспарлап отыр, болашақ көрсетеді ғой. Қыздарым үй жұмысына үнемі маған көмектесіп отырды. Әйтпесе, әрине, қиын болар еді.

– Қазір, жарты ғасырға жуық уақыт өткен соң, сіз өзіңіздің медициналық қызметкер мамандығын таңдағаныңызға бір де бір өкінген жоқсыз ба?

– Жоқ. Қазір қайта таңдау алдында тұрсам, қайта осы мамандығымды таңдар едім. Зейнетке шықсам да үйде отырғым келмейді. Адамдарға мүмкіндігінше көмектесіп, сауығуларына қол ұшымды тигізіп, жүргенім, маған өзімнің осы өмірге босқа келмегенімді сезіндіреді.

– Өзіңізді «бақытты адаммын» деп айта аласыз ба?

– Отбасымда бәрі жақсы, қыздарым аман-сау, жан серігім қасымда, сүйікті жұмысым бар. Бақытты болу үшін тағы не керек. Өзімді бақытты адаммын дей аламын.

Әріптестеріме зор денсаулық, мол табыс, отбасыларына құт-береке тілеймін.

Мұрат ЕСИМОВ

Редактор

Recent Posts

Сегодня в Узункольском суде состоялось оглашение приговора по делу пенной вечеринки.

После длительного рассмотрения дела и выслушивания показаний всех свидетелей, суд пришел к выводу о виновности…

3 дня ago

Жители села Новопокровка Узункольского района рады долгожданному подарку в виде нового фапа

Говорят, нужно мечтать, тогда всё сбудется. В этом теперь уверен медперсонал фельдшерско - акушерского пункта…

4 дня ago

“Дода” жобасы Ұзынкөл ауданында

Жоба өз бастауын “Жайдарман” атты көңілді тапқырлар клубынан алады, мектеп жасынғы білім алушыларды КТК қозғалысына…

3 недели ago

Узункольский суд закончил допрос свидетелей по делу о пенной вечеринке

В этот раз в суде были допрошены два свидетеля: Эльдар Аксаитов и Сергей Маханько из…

4 недели ago

Узункольский район: первый этап паводка выдержан

Так прокомментировал паводковую ситуацию и.о. руководителя отдела по гражданской обороне и чрезвычайным ситуациям аппарата акима…

1 месяц ago

This website uses cookies.