Ұзынколде «Келіндер сайысы» шеберлік сыныбы форматында өтті

Алдымызда келе жатқан Республика күні мерекесі биыл 35-ші рет тойланғалы тұр.

Бұл маңызды мемлекеттік іс-шара кең-байтақ елімізідің еркін, тәуелсіз ел болу жолындағы жасаған алғашқы қадамдарының бірі – егемендік жайлы Декларацияны қабылдаған кұнін белгілейді.

Осы ірі мерекеге арналып елімізде бірнеше үлкенді-кішілі іс-шаралары өткізілуде. Солардың бірі – Кәмшат Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мектебі негізінде «Үлгілі келіндер» сайысын атап өтуге болады.

Сайыс сайыстан гөрі ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеуге арналған шеберлік сыныбы форматында болып өтті. Шараны «Мерейлі отбасы» байқауының «Дөстүрлі отбасы» номинациясының жеңімпазы  Ботакөз Дюсембаева жүргізді.

– Қазақ халқы ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген, – деп бастады сөзін шара спикері. –  Әсіресе келін тәрбиесіне – елдің болашағы, шаңырақтың иесі ретінде қараған. Себебі «Келіні жақсы үйдің – керегесі кең» дейді халқымыз. Бүгінгі «Үлгілі келін» атты тағылымды шеберлік сағатымыз ұлт болмысын ұлықтау, салт‑дәстүрімізді насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. «Заманауи отбасы» жобасы аясында жүзеге асып отырған іс-шараға мұрындық болып отырған  Ұзынкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен «Жанашыр бол» қоғамдық қоры. Шеберлік сағатының барысында біз келіннің ұқыптылығын, тұрмысқа икемділігін, ұлттық тәрбиедегі орнын көрсете отырып, көрермендерге рухани азық беруді көздейміз.

Шараға үш келін қатысты – олар – Кәмшат Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагогтері – Саяжан Сабыржанқызы, Токмурзовтар әулетінің, Аягөз Қайбарқызы, Байболовтар әулетінің және Алмагүл Нұрланқызы, Жаңғабыл әулетінің келіндері. Табақ тарту әдістері, нан ысу, шәй құйюдан жас келіндер өз өнерлерін көрсетіп өтті. Табақтарға етті мүшелеу болсын, тіпті шәй құйю рәсімінің еліміздің әр аймақтағы өзіндік ерекшеліктерін анықтай отырып, көрермендердің қатысуымен үлкен пікіралмасу болды. Кездесу барысында қатысушылар мен көрермендер үшін ұлттық дәстүрге қатысты сауалнама және өмірлік жағдаяттар қарастырылды.

Жастар жас қыз-келіншектерге арналған бұл шараның пайдасы мол, себебі белгілі жазушы, ғалым, этнограф, шежіреші Ақселеу Сейдембек айтпақшы, қазақ келіндерінің бесік жырымен, олардың аңыз-әңгімелерімен, ұстанған салт-дәстүрлерімен қазақ болмысы сақталып келеді. Ендеше осындай іс-шаралар көбірек болғай дегіміз келеді.

Бақытжамал ДАРКЕНОВА

материал «Жаңашыр бол» қоғамдық қоры іске асыратын «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша «Қазіргі Әлемдегі отбасы: қиындықтар, дағдарыстар, стратегиялар» жобасы шеңберінде дайындалған.

Редактор

Recent Posts

Ұзынкөл ауданы Ершов аулында спорт дамуына жаңа екпін беретін спортзал ашылды

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың денсаулығын нығайтуда салауатты өмір салтын жүргізіп, спортпен шұғылдануының маңыздылы…

21 час ago

Узунколь: Закон и порядок начинаются с повседневных поступков

Как распознать телефонного мошенника? Что делать, если подростка унижают в общем чате? (далее…)

1 неделя ago

Инклюзияны қолдау кабинеті білім алуға тең мүмкіндік жасау үшін Ұзынкөлдік мектепте ашылды

Қазақстандық білім беру саласының басымды бағыттарының бірі – инклюзивтік. (далее…)

2 недели ago

В отделе пробации Узункольского района прошла встреча с лицами, состоящими на пробационном контроле

Во время встречи каждому обратившемуся подробно объяснили, с чего начать и куда обращаться в случае…

3 недели ago

Ұзынкөлде өткен Форумда белсендіжастар анықталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен өткен кеңесте «Заң және Тәртіп» қағидатын…

3 недели ago

Подведены итоги конкурса «Бір минут – бір таңдау» в Узункольском районе

В районном доме культуры состоялся Форум, где подвели итоги конкурса короткометражных роликов по профилактике…

3 недели ago

This website uses cookies.