Categories: Новости

Конференция «Ұзынкөл – алтын бесігім!»

3 тамызда сағат 12-де Аудандық мәдениет үйінің үлкен залында өз жұмысын «Ұзынкөл – алтын бесігім!» атты аудандық ғылыми-практикалық конференциясы өз жұмысын бастады

Сахна төрінде Самат Қалиев, «Қостанай облысы әімшілігінің ветеринария басқармасы» ММ басшысы, Қайрат Абишев, Ұзынкөл ауданының әкімі, Сергей Жалыбин, Қостанай қ. құрметті азаматы, заң ғылымдарының докторы, профессор, Ұзынкөл ауданының экс-әкімі Амантай Сейфуллин, Марионелла Слесарь және ел ағасы Еркін Құдабаев көтерілді.

Конференция барысында педагогикалық ғылымдарының кандидаты, профессор, «Өрлеу» ААҚ Қостанай облысы филиалының директоры Марионелла Слесарь шығарған «Ұзынкөл – алтын өлкем» атты кітабының тұсаукесері болып өтті.

Конференцияда Самат Қадыржанұлы Жанкелді Болатовты, Мереке Ажмахан, Ермек Кукеновты облыс әкімі атынан мадақтамалармен марапаттады. С.М. Жалыбинге «Ұзынкөл ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Ауданның құрылуының 80-жылдығына орай аудан әкімі Қайрат Тынымбайұлы Абишевтың ұсынысымен атаулы мерекелік медаль шығарылды, онымен Ұзынкөл ауданының атын шығарып, басқарып, елеулі еңбектерімен ауданның дамуына зор үлес қосқан 50 ұзынкөлдік азамат марапатталды. Олардың ішінде: С.А. Ахметов, А.К. Сейфуллин, Ж.Х. Курмангалиев, Т.Ж. Ташмагамбетов, М.К. Сандыбаева, Ұлы Отан соғысының ардагері Әнуәр Жүсіпов, ауданымыздың түйдей құрдастары К.Н. Найзабеков, А.Б. Курманбаев, Ж.К. Кумажанов, А.Н. Дюсеновтар да болды.

Ұзынкөл ауданының 80-жылдық мерейтойына орай «Ұзынкөлім» атты жаңа ән дүниеге келді. Конференцияға қатысушылары жаңа әннің ең алғашқы тұсаукесерінің күәгерлері болды. Әнін жазған жерлесіміз, композитор, продюсер, «Абырой» Қазақ Авторлық қоғамы» Республикалық ҚБ нақты мүшесіМарс Суленов, ал сөзін жазған ауданымыздың құрметті ақсақалы Кенесары Мырзахметов пен Шұға Булатова болды. Ән сөзінің құнарлығы мен әуенінің тартымдығымен баршаның көңілінен шықты.

Конференция барысында аудан тұрғындарына кезінде аудан әкімінің орынбасары болған, қазір Арқалық қаласының әкімі қызметін атқарып жатқан Эльдар Күзембаевтың құттықтау хаты оқылды.

Аклима АМРИНА

Редактор

Recent Posts

В Дом творчества села Узунколь мальчишки и девчонки, любители работать руками, приходят по собственному желанию

А всё потому, что здесь работает человек, который увлечён не только созданием красоты своими руками…

9 часов ago

Ұзынкөл ауданында Республикалық байқауға 111 оқушы қатысты

6-10 сынып білім алушылары арасында «Оқырман мектебі» жобасының аудандық кезеңі өтті. (далее…)

4 дня ago

Кабидолла АБЖАТОВ: «Мелодию домбры нужно слышать душой, а понимать сердцем»

Музыка, стремительно летящая со сцены в пустой зрительный зал Дома культуры, гулким эхом возвращалась на сцену,…

2 недели ago

В селе Узунколь завершился открытый областной турнир по дзюдо «Весенние каникулы»

Соревнования собрали рекордное число участников – 250 юных спортсменов из Аркалыка, Костаная, Рудного, Федоровского и…

3 недели ago

В Узункольском районе резко континентальный климат нарушает планы сельхозтоваропроизводителей по полевым работам

К этой ситуации земледельцы Узунколя уже привыкли, потому что понимают: дело имеют с регионом рискованного…

4 недели ago

Умеют узункольцы креативно и с пользой для дела помочь сельчанам

Коллектив Узункольского управления государственных доходов и в праздничные дни старается совместить приятное с полезным, потому…

4 недели ago

This website uses cookies.