«Олжа-Агро» агрохолдингі «Мектепке жол» Республикалық акцияны қолдауда

Оқу жылы басталарда көп отбасылар күйзелсіке ұшырай бастайды. Бүгінгі нарықтық бағаның “Арқасында” 7-8 жастағы баланың өзін мектепке дайындау – киімі, аяқ-киімі, кеңсе заттары, рюкзағын шама-шарқынша арзандауын алғанның өзінде бір балаға 60-70 мәңға шығып кетеді. Ал бір отбасында оқып жатқан екі, үш бала болса, одан да көп.

Мұндай жағдайда, әрине, «Мектепке жол» деп аталатын республикалық акциясының орны ерекше. Бірақта, егер акцияға қатысушылар көбінесе бір балаға көмек берумен шектеліп жатса, «Олжа-Агро» агрохолдингі мәселені шешуге кең көлемді тұрғыдан келіп отыр.

Алдымен «Олжа Агро» агрохолдингімен жақынрақ танысып алайық. Агрохолдингке Қостанай облысында орналасқан 25 фермерлік шаруашылық кіреді. Олар 5 аймаққа бөніген. Бұл ауылшаруашылық кәсіпорындары бидай тұқымдас, майлы дақылдар мен басқа өсімдік түрлерін қндірумен айналысады, Ол жайында біз «Олжа Ряжское» ЖШСіс-жүргізуші Диана Дорошкомен әңгімемізден біле алдық.

Диана Гурмаовнаның айтуынша, «Олжа Агро» бүкіл Қазақстанға қанатын жайған ірі агрохолдинг болып отыр. Бірнеше саланы қамтитын компанияның Қостанай облысы бойынша жүйесінің маңыздысаласы – өсімдіктану екенін сөзге тиек етті. Осы ірі кәсіпорыны жылда барлық 1 сыныпқа баратын балалардың ата-аналары холдингте жұмыс істеген жағдайда, балаларына мектепке дайындалуға көмек көрсетеді.

– Бұл әрекет жақсы дәстүрге айналып отыр, нақтылады Диана Гурамовна. – Біздің «ПК-Узунколь» ЖШСі тек ата-аналары осында еңбектенетіндерге ғана материалдық көмек көрстеіп жатса, басқа Сокол, Арзамасс, Киров, Пресногорьков ауылдық округтарда «Олжаның» бөлімшілері сыйлықтарын барлық 1 сынып оқушыларына беріп жатады. Олар қарамайды – біздің қызметер әлде біздікі емес пе – бәріне де беріп жатады, – деді ол. Сыйлыққа балаларға ішіне мектепке қажетті кеңсе заттары салынған рюкзактар болып отыр. Балалар да, ата-аналары да агрохолдинг басшыларына дән ризашылығын білдіріп жатады. Себебі, киім-кешекті былай қойып, бір рюкзактың өзі 15-30 мыңға дейін жетеді.

Барлық дерлік сыйлыққа ризаболған балалардың ата-аналары атынан «Олжа Агро» агрохолдингтің басшылығына алғыстарын жеткізгіміз келеді.

Бақытжамал ДАРКЕНОВА

Редактор

Recent Posts

В Узунколе прошла традиционная ёлка акима района в канун Нового года

Cкоро в школах и детских садах начнутся новогодние утренники, а традиционная новогодняя ёлка, устраиваемая акимом района…

16 часов ago

В Узунколе провели награждение тренеров и спортсменов по итогам года

В Узункольском районе по итогам года наградили спортсменов и тренеров за их достижения и вклад…

16 часов ago

Жителям села Троебратское Узункольского района сделали подарок в виде нового банкомата

Вопрос о его необходимости в отдаленном селе не раз поднимался на встречах разного уровня. (далее…)

2 дня ago

Ұзынкөлде суыққа қарсы тұрған Кәмшат Дөненбаева атындағы шахмат жарысы өтті

Биылғы қыстың ең аязды күндері жуырда өткен екі-үш күн бұрын ғана болды. (далее…)

2 дня ago

«JAS TALANT» конкурсы өнерпаз ұзынкөлдік қыздарымызға үлкен сахнаға жол ашты

Шығармашылық өнер дана халқымызға ата-бабамыздан мұраға болып келе жатқан қасиет. (далее…)

7 дней ago

Призовые места узункольских школьниц на республиканской олимпиаде равна победе

Наверное, такова природа человеческая, что в конце каждого календарного года подводятся итоги года минувшего и…

7 дней ago

This website uses cookies.