Ауданымызға облыс әкімі келіп, өңірдің әлеуметтік және өндірістік орындарында болды
Осы аптада облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс бабымен Ұзынкөл ауданына келді. Мұнда, ауылшаруашылығын дамытып, азық – түлік өнімдерінің бағасын көтермеу қажет және №2 Ұзынкөл ота мектебінде былтыр салынған модулді жылытқыш қазандықтың сапасымен танысып, аудандық аурухананың ахуалымен көріп, сонымен қатар өңір басшысы өңірдің әлеуметтік және өндірістік орындарында болып, нақты тапсырмалар берді. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында жергілікті тұрғындарды қабылдап, көпшілік көкейінде жүрген бірқатар түйткілді сауалдарға жауап берді.
Өңір басшысы алдымен аудан тұрғындарын қабылдады. Ұзынкөл селосының тұрғыны Нұржан Кенбаев ауылға келетін медицина саласындағы жас мамандарға арналған үй-мәселесі қашан оң шешім табады деген сауалын қойды. Негізінде былтыр 2019 жылы Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасына сегіз жоғары білімді медицина дәрігерлері келген еді. Олардың барлығы үймен қатамасыз етілген болатын.
Әрине бұл мәселені аудан әкімі Талғатбек Даиров қолға алып, «Тойсай» ЖШС-нің бас директоры Ұзақбай Ағайдаровқа үй-мәселесі жайында қолдау білдіруін өтіген еді.
Ұзақбай Садықұлы аудан әкімнің өтінішін жерге тастамай жас мамандарға екі пәтер алып берді. Аудан әкімінің айтуынша, биылғы жылы 18 пәтерді жөңдеуге арналған жоба дайын деді. Бірақ оның қай кезде іске асыралатыны жөнінде толық мағлұмат бермеді. Сонда да өңір басшысы Архимед Мухамбетов алдымен Ұзынкөл орталығын медицина саласындағы дәрігерлермен қамтамасыз етіп, содан кейін үй-мәселесін шешіп береміз деді.Федоров ауылдық округінде тұратын Бахтияр Қанатұлы, А.Байтұрсынов атындағы мемлекеттік универсететтің түлегі.
Қазіргі кезде Федоров орта мектебін тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Оның көкейінде жүрген мәселе ауылда жастарға арналған демалатын орының жоқтың қасы деп ағынан жарылды. Содан болар ауылдағы жастардың көбі кетіп жатыр. Мәселен Федоров ауылында бұрын совет одағы кезінде салынған бір қабатты Мәдениет үйі бар. Бірақ көп жылдар бойы жұмыс істемей келе жатыр. Бахтияр Қанатұлы осы жайтты баяндай келіп, аталған мәселені шешуге қол ұшын беруді сұрады. Аудан әкімі бұл мәселені бұған дейін қарастырғанын жайында айтып өтті.
Осыдан бір-екі ай бұрын Федоров ауылындағы Мәдениет үйін өз көзімен қарап шықтым. Негізін де ескі ғимаратты жөңдеуге қатысты, сол ауылда жұмыс істеп жатқан , ауылшаруашылық товарын өңдірушілерге өтініш білдірген едім. Облыс әкімі айтылған сұрақты мұқият тыңдап алып, әбден пысықтап алған соң, ғимаратқа жұмсалатын қаражат нақты белгісіз болған соң, нақты жауап айту қиың деді. Облыс әкімі тұрғындардан келген сұрақтарды тыңдап, көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.
Өңір басшы Архимед Бекежанұлы алдымен орталық ауруханаға бас соқты. Мұндағы аурухананың хәл жағдайымен танысу болды. Аудандық ауруханының бас дәрігері Әміржан Бақытжанов жүргізілген барлық жұмыстар туралы ақпарат беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың барысымен таныстырды. Сондай-ақ, аудандық аурухананы аралап, жөндеу жұмыстарымен және облыстық бюджет арқылы келген жаңа медициналық құрылғыларымен танысты. Бас дәрігердің баяндауында былтырғы жылы орталық ауруханаға сегіз дәрігер келіпті. Олардың барлығы мемлекеттен арнайы көмек бір жарым млн теңге қаражат алғандығы жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар өңір басшы жас дәрігерлермен танысып қал-жағдайларын сұрады. Аудан тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетудегі атқарылып жатқан жұмыстардың және тиісті жұмыстардың атқармағандығы жайында облыс басшысы аурухана басшылығына қатты сын айтты.
Облыс әкімі одан кейін №2 Ұзынкөл орта мектебіне барды. Мұнда былтыр 2019 жылы орнатылған модулдік жылу қазандықтың сапасымен танысу үшін арнайы ат басын бұрды. Облыс басшысын қарсы алған Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары Бауржан Мухамедяров атқарылған 2019 жылдың барысымен таныстырды. Бауржан Болатұлының айтуынша осындай модулді жылу қазандығы бүгінде тек Ұзынкөл орта мектебінде ғана орнатылған. Жоспар бойынша тағы осындай жылу модулді қазандығы Федоров орта мектебіне және Суворов орта мектебіне орнатуды жоспарлап отырмыз. Оған бюджеттен 60 млн қаражат бөлініп отыр деді. Өңір басшысы жоспарда тұрған жұмыс бір орында тоқтап қалмауы тиіс әрі қарай жалғасын табу керектігін айтып өтті.
Мұнан соң облыс әкімі Архимед Бекежанұлы 2018 жылы іске қосылған орталық базардың ішін аралап бутиктерде товарларын сатып тұрған жеке кәсіпкерлермен әңгімелесті. Содан кейін бұл базардың тыныс-тіршілігі туралы жеке кәсіпкер Сусырко Султыгов айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, бұл базарда оңға жуық бутиктер мен Ұзынкөл ауданында ең үлкен кіші супермаркет бар. Барлық орындар толық жұмыс істеп тұр деді. Базар ішінде тұрғызылған дүкенге кіріп, азық – түлік бағаларын білген облыс әкімі Архимед Мухамбетов, ең қажетті тамақ өнімдерінің бағасы еш негізсіз өспеуі керектігін айтты. Осы ретте, аудан және ауыл әкімдері мен жауапты тұлғаларға бағаға мониторинг жасап отыруды тапсырды. Бұл ауылдық жерлерді дамытудың негізгі тетіктерінің бірі деді ол.
Облыс әкімі Жеке кәсіпкер Меңдібай Мукеновтың Жиһаз цехына да атбасын бұрып, ондағы іске асқалы отырған жобалардың барысымен танысты. Жергілікті кәсіпкеріміздің жиһаз цехында аудан тұрғындарының тапсырысы бойынша тұрмыстық жиһаздың 10 шақты түрі жасалады. Оған қажет материал Қорған облысы мен Қостанайдағы жергілікті өндірушіден сатылып алынады. А.Мұхамбетов кәсіпкерге мұнымен ғана шектеліп қалмай, мемлекеттік сатып алуға да белсенді қатысу керектігін түсіндірді. «Үкімет жуырда «Қарапайым заттар экономикасы» деп аталатын жаңа бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарлама импортты азайтып, отандық тауар өтіміне қолдау көрсетеді. Мемлекеттік сатып алуға қатысқан компаниялар мен бюджеттік мекемелерді жергілікті тауарды сатып алуға міндеттейді. Бұл бағдарлама сіз сияқты кәсіпкер үшін үлкен мүмкіндік. Қатысыңыз. Біз қолдау көрсетеміз» — деді облыс әкімі.
Султанбек Кожанов
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31