Аудандық медицина қызметкерлері құрметке бөленді
Өткен жексенбіде еліміздің ақ халат киген асыл жанды мамандық иегерлері медициналық қызметкерлер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті
Осыған орай Ұзынкөл әкімі Мұрат Сандыбаевтың қатысуымен Аудандық мәдениет үйінде жұмыс барысында жоғары құзыреттілік пен жауапкершілік көрсеткен, үлкен нәтижеге жеткен медициналық қызметкерлерді марапаттау рәсімі болып өтті.
– Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздердің еңбектеріңіз ең беделді, ең жауаты мамандыққа жатуы бекер емес, себебі сіздер адамның өмірін сақтауға тікелей әсер етесіздер. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, медицина қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалай отырып, медицина мамандығының маңсабын көтеріп, қызмет ету саласында көп жеңлдіктер жасауға ат салысуда. Ұлтымыздың денсаулығы, денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері, медициналық қызмет көрсету сапасының артуы – мемлекет саясатының басты бағыттарының біріне айналды. Мемлекет басшысының ұсынуымен денсаулық сақтау жүйесі үнемі нығайып отыруда. Қаржыландырылуы артуымен қатар емдеу мекемелері қайта жаңғыртылуда, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, «жедел-жәрдем» және стационарлық көмек арттырылды, ана мен бала өмірі мен денсаулығын корғауға көп күш жұмсалуда. Заман талабына сай медициналық құралжабдықтармен қамтылуы мен қазіргі жаңашыл медициналық технологияларды кеңінен қолдану – жұртшылыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасының артуына әкеліп, әр отбасы мен әр адамның денсаулығының оңталануына оң әсер етті, – деді ауданымыздың медицина саласында еңбек етіп жатқан қызметкерлерді құттықтау барысында Мұрат Миртайұлы.
Содан соң марапаттау рәсімі басталды.
Салтанатты іс-шарада аудан басшысы Ұзынкөл аудандық ауруханасының бас дәрігері Аміржан Бахытжановқа Қазақстан Республикасы бойынша өткізілген медициналық қызмет көрсететін мемлекеттік кәсіпорындар арасында жүргізілген рейтингілік талдау нәтижесінде Қостанай облысының 7 кәсіпорны арасында II орын иеленгені туралы куәлік пен «Қазақстанның денсаулық сақтау саласының мәртебесі» номинациясындағы мүсіні табыстады.
– Әрине, бұл жеңіс біздің ауруханамыздың үлкен жемісі болғаны сөзсіз, – деді ол.
Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хаты және бағалы сыйлықпен еңбегінде үлкен нәтижелерге жеткені үшін Ұзынкөл аудандық аурухананың гинеколог-акушер дәрігері Нұргүл Абдимажитова марапатталды. Дәрігердің 13 жылдан астам жұмыс өтілі бар, кәсіби маман, өз жұмысында жаңашылдыққа ұмтылуда.
Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Грамотасы және бағалы сыйлықпен хирург-дәрігер Олжас Бекенов, жалпы тәжірибелік дәрігер, поликлиника меңгерушісі Перизат Канафина, туу бөлімінің акушері Галина Старкова, медициналық мейірбике Нурзада Кенжебекова марапатталды.
Ұзынкөл ауданы әкімінің Грамотасы және бағалы сыйлықпен реаниматолог-дәрігер Нурлыхан Хасенов, , терапевт-дәрігер Надежда Эрдогмуш, аудандық аурухананың мейірбикесі Казина Сагнаева, егу кабинетінің мейірбикесі Людмила Шерстюкова, аудандық аурухананың мейірбикесі Буайда Тургунова, егу кабинетінің мейірбикесі Екатерина Гимельрейх марапатталды.
Ұзынкөл ауданы әкімінің Алғыс хаты және бағалы сыйлығымен Новопокров медициналық пунктінің фельдшері Айнаш Мурзалина, Троебратск дәрігерлік амбулаториясының мейірбикесі Калия Мурзахметова, аудандық аурухананың оталық бөлімнің мейірбикесі Қымбат
Журкумбекова, аудандық аурухананың «жедел-жәрдем» автокөлігінің жүргізушісі Игорь Яуфман, әлеуметтік қызметкер Олеся Попова, аудандық аурухананың есепшісі Айна Рамазанова, аудандық аурухананың терапевтік бөлімінің мейірбикесі Светлана Иванова, аудандық аурухананың хатшысы Динагуль Жумагулова, аудандық аурухананың туу бөлімінің медбикесі Ирина Паршута, Соколов фельдшерлік-акушерлік пунктінің медбикесі Татьяна Карпусь марапатталды.
«ҚР денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының Грамотасы және бағалы сыйлықпен Пресногорьков жалпы білім беретін мектебінің мейірбикесі Елена Бологова, аудандық аурухананың жүргізушісі Марғұлан Серікбаев, аудандық аурухананың сантехнигі Станислав Шульга, аудандық аурухананың оталық бөлімінің медбикесі Надежда Огей, аудандық аурухананың аспазшысыСнежана Пустовалова марапатталды. Мереке соңы аудандық мәдениет үйі әртістері дайындаған керемет концерттік бағдарламамен ұласты.
Бақытжамал ДАРКЕНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31