Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара «Балықты» мешітінде өтті

«Балықты» мешітінің бас имамы Есенгелді қажы Сақтағанұлының ұйымдастыруымен,   1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті. Аудан өнерпаздарының сахналық көрінісімен басталған шарада аудан әкімі Талғатбек Даиров қазыналы қарттарды төл мерекелерімен құттықтады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету, ата-бабамыз ұстанған дәстүрлерді одан әрі жалғастыру бүгінгі ұрпақтың басты міндеті екендігін айтылған. Ұзынкөл  ауданында өткен игі шара қазыналы қарттарды құрметтеп қана қоймай, олардың өнегелі істерін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

«Біз үшін ортамызда жүрген қарияларымыздың кезінде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ұмытылмас тарих, баға жетпес үлгі-өнеге. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз», – деді аудан әкімі Талғатбек Сапабекұлы.

Шара барысында ауданымыздың бетке ұстар ауылшаруашылық өнімін өңдірушілері Ұзақпай Ағайдаров, Сәбит Ағайдаров, Валерия Вервобойлар сөз алып, мерекеге орай өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Мерекеге орай арнайы дастархан жайып, құрмет көрсеткен «Балықты» мешітінің бас имамы Есенгелді қажы Сақтағанұлына аудан қариялары алғыстарын айтты.

Султанбек КОЖАНОВ

Редактор

Recent Posts

В Узункольском районе с рабочим визитом побывал аким области Кумар Аксакалов

Поездка стала логическим завершением трудового ритма уходящего года, который был насыщенным для трудовых коллективов региона,…

2 дня ago

Что делается в Узункольском районе по вопросу обеспечения граждан питьевой водой

В Узункольском районе проблем с природными источниками не было - озёр много и, как говорят…

4 дня ago

Конкурс видеороликов «Закон и порядок», итоги которого подвели в Узункольском районе

«В кадре — закон, в поступках — ответственность». Что значит уважать закон в повседневной жизни?…

1 неделя ago

Своё дело и ответственность перед Законом: в Узункольском районе прошла встреча с подучётными службы пробации

Как начать работать на себя, оформить своё дело и разобраться в налоговых обязательствах? (далее…)

1 неделя ago

В Узункольском районе открыли Центр досуга

В канун Дня Республики  в селе Троебратское Узункольского района громко звучала музыка и колыхались разноцветные…

2 недели ago

This website uses cookies.