Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара «Балықты» мешітінде өтті
«Балықты» мешітінің бас имамы Есенгелді қажы Сақтағанұлының ұйымдастыруымен, 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті. Аудан өнерпаздарының сахналық көрінісімен басталған шарада аудан әкімі Талғатбек Даиров қазыналы қарттарды төл мерекелерімен құттықтады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету, ата-бабамыз ұстанған дәстүрлерді одан әрі жалғастыру бүгінгі ұрпақтың басты міндеті екендігін айтылған. Ұзынкөл ауданында өткен игі шара қазыналы қарттарды құрметтеп қана қоймай, олардың өнегелі істерін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
«Біз үшін ортамызда жүрген қарияларымыздың кезінде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ұмытылмас тарих, баға жетпес үлгі-өнеге. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз», – деді аудан әкімі Талғатбек Сапабекұлы.
Шара барысында ауданымыздың бетке ұстар ауылшаруашылық өнімін өңдірушілері Ұзақпай Ағайдаров, Сәбит Ағайдаров, Валерия Вервобойлар сөз алып, мерекеге орай өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Мерекеге орай арнайы дастархан жайып, құрмет көрсеткен «Балықты» мешітінің бас имамы Есенгелді қажы Сақтағанұлына аудан қариялары алғыстарын айтты.
Султанбек КОЖАНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31