Медет Тоқабай жобасы 1 миллион теңге грант жеңіп алды
Ұзынкөл ауданының Федоров кентінде Күрес залы ашылатын болады.
1 миллион теңге ол көп пе әлде аз ба? Осы сома қаржы Тоқабай Медет үшін ауылдастарына арнап күрес залын ашуға жеткілікті болып отыр. Бірнеше жылдар бойы өзін толғандырған ойын жаттықтырушы қағазға түсіріп Жәрменкеге ұсынып, оны жүзеге асыру үшін грант иеленді. Сіздерде ондай маза бермей жүрген иедялар бар ма? Ендеше іздер де облыстық әлеуметтік жобалар мен идеялар Жәрменкесіне қатысыңыздар.
Бүгінгі күні кішкентай ауылдарда «Жастарға демалу мен сауығу орындары жоқ, қайтсын, сосын қалаға кетіп жатады, немесе телефондарынан бастарын көтермейді, баратын жерлері жоқ», деп айтып жатқан ауыл тұрғындары жеткілікті. Олардың сөздерінде, әрине, шындық бар. Дегенмен де, белсенділік танытып, өз демалыстарын өз қолдарына алып, бірдеңе ойлап тауып, қызықты өмір сүріп жатқан жастар да баршылық. Солардың бірі – Федоров кентінің тұрғыны Медет Тоқабай. Медет жергілікті мектепте дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істейді. Осы өңірге оқу орынын бітіріп келгеніне де он бес жылдай болып қалды. Келгенінен-ақ ол қазақ күресін дамытуға бар күшін салып келеді.бірнеше жас жігіттерді баптап, жаттықтырып, облыстық, республика деңгейінде жүлделі орындарға жеткізді. Сол жігіттердің арасында біразы ауылға оралып, осында еңбектеніп, отбасы құрып жатыр. Олардың күреспен әрі қарай айналысуға да қызығушылықтары бар.
– Жылда қоғамдық емес ұйымдардың облыстық Ресурстық орталығы – «ГрИн» қоғамдық қоры облыстық әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрменкесін ұйыдастырып жатады, – түсіндірді бізге Медет Тоқабай. – Мектеп директоры Диана Касимова, басқа ауыл жастарымен ақылдасып, мен өз оййыммен бөлістім. Көптен бері ауылда жұмысшы жастарға арнап, Күрес орнын ашқым келетіні туралы айттым. Жастар арасында қазақ күресімен айналысқысы келетін жастар баршылық. Жолдастарым менің идечмды қолдады. Сол себепті мен биылғы жылы өткен облыстық Жәрменкеге қатысуға бел будым. 38 ұсынылған жобалар арасынан тек бес жоба таңдалып, грантқа ілікті. Солардың ішінде менің жобамның кіргенін естігенімде, өз құлағыма сенбедім. 1 миллион теңге бізге күрес клубын ашуға бөлінді. Енді мен осы қаражатқа күрес залына татами, басқа да қажетті құрал-жабдықтар алып, ауылда жастарға күрес залын ашуға мүмкіндігім пайда болды.

Мені көп жылдар бойы мазалп жүрген ойыма қолдау аасап демеу бергендері үшін Қостанай облысы Азаматтық альянсын басқарып отырған Динара Утебаеваға алғысым шексіз. Динара Қайырбекқызы ауыл жастарының белсенділіктерінің артуына мол үлес қосуда. Сол себепті ауыл жастарын үйдің төрт қабырғасына қамалмай, өздеріне қызықты іс тауып сонымен айналысуға шақырамын. Жастардың көбі «кез-келген бастамаға қаражат керек» деп жатады. Міне, осындай Жәрменкелерге қатысып, грант ұтып алуға әр адамның мүмкіндігі бар. Сондықтан барлық жастарды сырттан біреу келіп, біздің демалысымызды ұйымдастырып, бізді қызықтырады деген ойдан аулақ болып, өз өмірін өз қолдарына алуға шақырамын.
Жалындап тұрған жас кезімізде өмірімізді бықсып өткізгенде не қызығы бар? Айта кетейін, осы Жәрменкеге біздің ауданнан «Ұзынкөл жастары» ҚБ де қатысты. Олар да өз жобасын жүзеге асыру үшін 250-мыңдық грант ұтты. Ол грантты жастарға Ұзынкөл педагогтерінің табиғатты сақтау идеясына қолдау жасауға шешіп, Қостанай облысы педагогтерінің локальды кәсіподағының басшысы Василий Цымбалюк демеушілік ретінде бөлді.
Дана халқымыз «іздеген жол табады» деп жатады. Ауыл жастарына өз бос уақытын пайдалы, қызықты өткізуге мүмкіндіктерді табуға тек белсенділік керек екені ақиқат шындық.
Бақытжамал ДАРКЕНОВА,
фотосуретті табыстаған Медет ТОҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31