Шекара сақшылары мұражайға қашықтан саяхат жасады
ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департамент басшысы полковник Арман Жұмахметовтің мұрындық болуымен облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ұжымымен бірге Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған біріккен шара ұйымдастырылды
Қашықтықтан жүзеге асырылған іс-шара онлайн түрінде өтті. Шара Ұлы ойшыл ақынның мол мұрасына, шығармашылығына, философиялық және өмірлік ұстанымдарына арналды.
«Абай – Ұлы даланың ұлы тұлғасы» атты мұражай дәрісте экскурсия жүргізушісі Айбике Қазыбаева әскери қызметшілерге музей қорынан және Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей қорынан алынған фотосуреттерді экраннан көрсетті.
Сонымен қатар департаменттің жеке құрамын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына, қара сөздеріне, аудармаларына жеке-жеке тоқталып, тың мәліметтермен бөлісті. Шараға қатысушылар да ұлы ақын, ғалым, философ туралы өздерінің ойларында жүрген сұрақтарын қойып, кештің қызықты өтуіне үлестерін қосып отырды.
Шекара сақшылары қашықтан мұражайға онлайн экскурсия жасап, тағымдық жағы мол құнды дүниелермен танысты.
Асқар Сүлейменов айтқандай: «Біздің татар балымыз да, ішер уымыз да – Абай болмақ. Демек, Абайды айналып өту мүмкін емес».
Манарбек ҚАРЕКЕНОВ,
ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департаменті
Суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31