Обаған мектебінде лотерея билеті ойнатылды
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Обаған ауылдық округінде жылдағы дәстүрге сай «Лотерея» билеті ойнатылды
Бұл мерекелік іс-шараға мұрындық болған «Мирас» шаруа қожалығының басшысы Болат Қарабаевпен Обаған ауылдық округінің әкімі Марат Нұржанов. Айта кетейік жылдағы дәстүр бойынша 700 билет сатылып, оның 175 билеті ойнатылды. Үлкенді – кішілі болып Обаған орта мектебінің акт залында жиналған ауыл жұртшылығы көптен күткен лотерея ұтысына қатысты.
Ұтыс ойынына тігілген үйге қажетті заттар болса, ал бас жүлдеге тоңазытқыш камерасы тігілді. Жаңа жыл мейрамында ойнатылған ұтыста Обаған ауылының тұрғыны Тұрар Абилькасовтың бағы мен бабы қатар шапты. Өйткені, ол су жаңа тоңазытқыштың иесі атанып, үйіне олжалы қайтты. Осындай халықтың көңілін көтеретін ұтыс ойынын ұйымдастыруға ат салысқан Обаған елді мекенінің ауыл шаруа қожалықтары. Ауыл әкімі Марат Нұржановтың айтуынша жылдағы дәстүрге сай биылда лотерея ұтысы халықтың көңілінен шықты.
Султанбек Кожанов
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31